Жас математик мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Уақыты: 2020-12-04 Көрлімі: 549 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 желтоқсандағы № 460 бұйрығымен Қазақстан Республ...

129390473_1729295517241637_1168757424844778467_o-1.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 желтоқсандағы № 460 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының  корреспондент  мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Сұраған Дурвудханға Мемлекеттік сыйлық берілді. 

Сұраған Дөрбетхан атажұртқа 2005 жылы, 17 жасында келген. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, нәтижесінде Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетіне түскен. Университетті бітірген соң, «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияда, Кингс колледжінде теориялық физика мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтаған. 2 жыл Лондондағы Империал колледжінде ғылыми жұмыспен шұғылданған. Содан елге қайтып, конкурсқа қатысып, Назарбаев Университетіне оқытушы болып қабылданған. 

Ол – халықаралық The Ferran Sunyeri Balaguer Prize марапатына ие бол­ған. Аталған сыйлықты Азия ел­­дерінен тұңғыш рет алып отыр­ған ең жас ғалым. PhD, қауым­дас­ты­рылған профессор. БҒМ ҒК «Математика және мате­ма­ти­калық модельдеу институты» РМК бас директорының орынбасары, жетек­ші ғылыми қызметкері болып қызмет істейді. 2013 жылы жаратылыстану ғы­лымдары саласындағы ең үздік жұ­мысы үшін жас ғалымдарға ар­налған (Қазақстанда) Қонаев атын­дағы сыйлықпен марапатталған.


Пікір жазу
  • Елімізге көшіп келушілердің саны шетелге көшіп кетушілерден неге аз?
    ҚР-ның Мемлекеттік шекарасынан карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі

    Ұқсас тақырыптар