Шекарада кедергіге ұшыраған тағы бір қандасымыз оралды

Уақыты: 2021-01-01 Көрлімі: 103 Сипаттама

Өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Алматы облысы Ақсу ауданында тұратын ҚР азаматы Айып...

Screenshot_2021-01-01-21-26-44-54.jpg

Өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Алматы облысы Ақсу ауданында тұратын ҚР азаматы Айып Дәлеткелді ҚХР тұратын туған ұлы Дәулеткелді Еркінді , келіні Тұраш Сағымгүл және немересі Еркін Айботаны құжаттарын рәсімдеп елге шақырады. Олар Шаңхай-Маскеу-Станбұл-Алматы бағытымен ұшып елге жетпек болады. Өкінішке қарай, Станбұл әуе жайында Түркияның шегара қызметі тарапынан Тұраш Сағымгүл кедергіге тап болады. Себеп, Тұраш Сағымгүл шақырушы Айып Дәулеткелдінің туған қызы емес, келіні. Аталған кедергіге байланысты ҚР-дағы туыстары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен " Отандастар қорынан" көмек сұрайды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы, "Отандастар қоры" прездентінің кеңесшісі Рақым Айыпұлы ҚР Түкия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлына байланысқа шығып қыйындыққа тап болған қандастарымызға көмек көрсетуін өтінді. Абзал Сапарбекұлының тапсырмасымен ҚР Станбұлдағы колсұлдық қызметкерлерінің көмегі арқасында аталған қандастарымыз 2021 жылдың алғашқы таңында аман-сау Алматыға жетіп туыстарымен қауышты.

Пікір жазу
  • 12 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды
    Тоқаев: Қандастар көшін барынша қолдаймыз

    Ұқсас тақырыптар