Қандастарым, армысың?

Уақыты: 2021-04-14 Көрлімі: 431 Сипаттама

​Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қоры 41 мемлекетте тұратын қандастарымызбен, қазақ диаспораларымен тығыз байланыста. Мерекелерде құттықтау іс-шараларымен қатар, белсенді түрде әрқилы мәдени шараларды ұйымдастыруда....

    Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қоры 41 мемлекетте тұратын қандастарымызбен, қазақ диаспораларымен тығыз байланыста. Мерекелерде құттықтау іс-шараларымен қатар, белсенді түрде әрқилы мәдени шараларды ұйымдастыруда.

Жастар жағының Атажұрты – Қазақстанға деген қызығушылығы басым. Әлемді жайлаған індетке де қарамай қашықтықтан сынақ тапсыру арқылы елдегі жоғарғы оқу орындары мен дайындық курстарында мыңдаған шетелдегі қазақ диаспорасының балалары оқуын жалғастыруда.

    Сонымен бірге түпкілікті шешім қабылдап, Атажұртқа көшіп келушілер саны да баршылық. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2019-да 1034 адам азаматтық алса,  2020-шы жылы 1014  адам азаматтыққа қол жеткізген.

   Жалпы азаматтық алмаған, тұрақты тіркеуі бар 5 200  қандасымыз бас қаламызда тұрады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жалпы саны 22 мыңдай қандасымыз қоныстанған.

   Елордамызға орналасқандардың көпшілігі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері мен кәсіпкерлер. Өзге елде өсіп, өз елінде өніп отырған қандастарымыз қай салада болсын аянып қалмайды. Бірі кәсібін дамытса, бірі білімін жетілдіруде. Қазақ елінің ғарыштап даму жолына өз үлестерін қосуда.

Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық мерей тойына орай біз де барынша қандастарымыздың еңбегін елге таныстыру бағытында, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырмыз.

    Мысалы, Қазақ радиосында аптасына бір мәрте тікелей эфирде Қандастар бағдарламасы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қандаспен келген қазына, Тәуелсіздікке тарту, Әлем қазақтарымен сұхбат атты бағдарламалар арқылы елге келіп жетістікке жеткен қандастарымызды үздіксіз жариялап, олардың еңбектерін мақтанышпен Қазақ еліне таныстырудамыз.

Карлыгаш Хожамураттың ФБ парақшасынан


Пікір жазу
  • Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
    «Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі

    Ұқсас тақырыптар