Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам «қандас» мәртебесін алды

Уақыты: 2021-07-12 Көрлімі: 349 Сипаттама

Жыл басынан бері елге келген 6935 қазақ «қандас» мәртебесіне ие болды. Олардың ішінде 404 қ...

unnamed (4).jpg

Жыл басынан бері елге келген 6935 қазақ «қандас» мәртебесіне ие болды. Олардың ішінде 404 қандас Қазақстан азаматтығын алды, деп «Отандастар» қорына сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды. Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, яғни 76,3% - Өзбекстаннан келсе, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан, 1,2% – Қырғызстан, 0,5% – Иран, 0,3% – Ауғанстан және қалған 2,5% басқа елдерден қоныс аударған», - делінген «Отандастар» қорының хабарламасында.

Елге келген этникалық қазақтар негізінен Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына қоныстанған.

«2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және қандас мәртебесіне ие болды. Елімізде жыл сайынғы қандастарды қабылдау квотасы тоқтаған жоқ. 2019 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2031 адам болды.

2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды.

Өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (53,1%) - ҚХР-дан, 31,3% – Өзбекстаннан, 8,7% – Түркіменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,3% - басқа елдерден келген.

Олар негізінен Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында қоныстанды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9%-ды және зейнеткерлер 11%-ды құрайды», - дейді қор.

2021 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде 6935 адам «қандас» мәртебесіне ие болды. Олардың ішінде 404 қандас Қазақстан азаматтығын алды.

«2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1 426 адамға жоспарланған: Ақмола облысы – 258 адам, Қостанай облысы – 350 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 195 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 123 адам, Павлодар облысы – 500 адам», - дейді «Отандастар» қоры.


Пікір жазу
  • ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-да БІЛІМ АЛУҒА ҮМІТКЕР ҚАНДАСТАРҒА НҰСҚАУЛЫҚ
    Қытайлық қандасымыз Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды

    Ұқсас тақырыптар