Шетелдегі қазақ тілді БАҚ қауымдастығы құрылды

Уақыты: 2021-10-27 Көрлімі: 395 Сипаттама

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоға...

4859e8a797719370fa930ad9420eeab2.jpeg

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан Шетелде  қазақ тілінде жазатын бұқаралық ақпарат құралдарының қауымдастығы  құрылды, деп Baq.kz порталына сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Отандастар Қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов атағандай, қор жұмысының мақсатының бірі - шетелдегі ағайындардың басын біріктіру.

Журналистер қауымы да ерекше болып есептелгендіктен, олардың басын біріктіру пысықталып жатыр. Біздің зерттеуіміз бойынша әлемде 88-ге жуық қазақша жазатын БАҚ бар екен. Осы мақсатта қауымдастықтың тұсаукесері өтіп жатыр. Қауымдастық қазақ тіліндегі ақпараттық кеңістікті кеңейту, тілді дәріптеуді жүзеге асырады ,- деді Сарбасов.

Оның айтуынша, шетелдегі қазақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу да өте маңызды.


Бүгін  қауымдастықтың алдағы ережесі таныстырылып, бекітіледі. Жиынға қатысушылар ассоциация төрағасын сайлап, алдағы жұмыс жоспарын талқыға салады. Шетелдегі қазақ бұқаралық ақпарат құралдарының үздік материалдары енген жинақ шығару, қазақ тілді жас журналистер арасында конкурстар өткізу, отандық бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы байқауға шетелдегі қазақ тілді басылымдар мен журналистерді қатыстыру жұмыстарын қолға алу және жылына бір рет қауымдастық өкілдерінің бас қосуын ұйымдастыру да қарастырылған, - деді ол.

Сарбасов атағандай, қауымдастық коммерциялық та, саяси да емес.

Шетелдегі ағайындар қазақ тілін ұмытпас үшін, олардың ұрпақтары тарихын есте сақтауы үшін осындай әрекет жасап отырмыз, - деді ол.

Шараға Парламент депутаттары, еліміздегі БАҚ өкілдері мен шетелдік ақпарат құралдары онлайн қатысты.

Аягөз ҚҰРМАШ
Фото: автордан

Дереккөз: Baq.kz

Пікір жазу
  • Биыл 14 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
    Жыл басынан бері 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    Ұқсас тақырыптар