Жыл басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Уақыты: 2022-04-05 Көрлімі: 280 Сипаттама

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас...

13c12947cb992ecb9575f5cc28b2267f_1280x720.jpg

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 90,1 мың этникалық қазақ оралды, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (66,3%) Өзбекстаннан, 11,3% – Қытайдан, 10,9% – Түрікменстаннан, 2,2% – Моңғолиядан және 9,3% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,2%), Маңғыстау (19%), Түркістан (11,4%) және Жамбыл (5,9%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,5%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2%-ды және зейнеткерлер 14,1%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,5%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді және 1,8%-ының білімі жоқ.


Пікір жазу
  • Шыңжандағы мәдени мұралар әлемнің бір бөлшегі - Шетелдегі қазақ баспасөзі
    Сенат түркітілдес мемлекеттермен ынтымақтастыққа қатысты құжатты қабылдады

    Ұқсас тақырыптар