Қазақстан республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпарат саласы қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады, Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Құрметті әріптестер!
Сіздерді бүгінгі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республикалық, аймақтық, аудандық басылымдар, телеарна мамандары және байланысшылар мен пошта қызметкерлері ел игілігін арттыруға үлкен үлес қосып отыр. Біздің еліміздегі ғана емес дүниежүзіндегі оқиғалардан анық ақпарат алатын мүмкіндігіміз бар. Ол ең алдымен Сіздердің еңбектеріңіздің оң нәтежиесі. Осы мерекеде Сіздерге шығармашылық табыс, жақындарыңызға жақсылық тілеймін!" - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, 28 маусым Қазақстан республикасы байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері күні болып белгіленген.
Jebeu.kz