«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларының бірі, бұрынғы хатшысы, белгілі қоғам қайраткері, публицит, кәсіпкер Рақым Айыпұлы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы болып тағайындалды.
Рақым Айыпұлы 1963 жылы ҚХР ШҰАР Іле қазақ облысы Күнес ауданында өмірге келген. 1986 жылы Пекин орталық ұлттар иниститутын бітірген. 1993 жылы елге оралғаннан бүгінге дейін осы ширек ғасырға жуық уақытта осы елдің білім беру саласында, көші-қонға байланысты әкімшілік құрлымда, ақпарат құралдары сияқты әр салада еңбек еткен. Бұған дейінгі еңбек жолы қазақ көшін көлікті етуге арналып, Қазақстанның ұлттық мемлекет ретінде салтанат құру үшін қазақ көшінің құқықтық базасын бекемдеуге атсалысысып келеді.
Jebeu.kz