Шетелде тұрып жатқан қазақтардың атажұртқа бет түзеген көшіне кедергі көп. Оларды қоғамға бейімдеу, орналастыру бойынша да көптеген проблемалар шешімін таппай келеді. Қазақ қоғамындағы осы бір түйткілді көре отырып ЖСДП бейтарап қала алмады. Партияның бағдарламасына ораламандар мәселесі, оны оңды шешудің жолдары арнайы бап ретінде енгізілді. Мәселені жан-жақты зерттеп, оның байыбына тереңдеп, еш нәрсені ескерусіз қалдырмау үшін ЖСДП оралман қазақтардың «Жебеу» қорымен тығыз жұмыс істеп келеді. Бұл қордың жетекшісі Рахым Айыпұлы партияның Саяси кеңесі мен Төралқасының құрамына кірді. Алдағы сайлауда ол ЖСДП атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде ұсынылып отыр.
Рахым Айыпұлы: Сайлауға әркім өзінің мүддесімен қарайды
Рахым Айыпұлы: Сайлауға әркім өзінің мүддесімен қарайды...