«ЖӘКУЛАҒА АС БЕРГЕН ЖЫЛ»

admin2 2018-05-30 3 ℃ Қысқаша

Бұдан тура бес жыл бұрын осындай бір атаулы шара өтіп еді. Тарбағатайдағы Жағалбайлы...

20170708151012518_big.jpg

Бұдан тура бес жыл бұрын осындай бір атаулы шара өтіп еді.

      Тарбағатайдағы Жағалбайлы сілемінің Күнгей алқабында көк жасаңға киіз үйден қала тұрғызып, қауырт дайындық жүріп жатқан. Жүздеген көлік "жер алыс" демей мың шақырымды бетке алып, Жетісу асып, жолға шыққан. Алматыдан сырғыған үш вагон  Аякөзге келіп, Алтайдан шыққан Автобус Зайсаңнан өтіп, Ырғыз ата кешенне жеткен. Үрімжі мен Шәуешектен шыққан конактар Жәкуланың қызыл тасына аялдап, Маңғыстаудан, Арқадан, Қырғыз Алатауынан жеткен атбегілер Кызылкесікте сайгүліктерінің жал құйрығын тарап жатқан болатын.

        Ертеңгі күні Шығыс Қазақстан Облсының мәдени шаралары күн тізбесіне енген осы елдің әйгілі тумасы Күшікұлы Жәкуланың 150 жылдығына арналған екі күндік бағдарламамен өтетін ірі мәдени шара басталады. Тарбағатай ауданының барлық мекемелері тастүйін дайындықта.

ж3.JPG

        "Ерке жирен ипподромы"  өңделіп, жөнделіп, жарқырап, жайнап тұр. "Ас­Ай" компаниясы ұжымының дайындаған дала сахынасына музыкалық дыбыстық  жабдықтар, жарықтандыру жұмыстары орныққан. Арнайы фурамен жеткізген мың кісілік ыдысаяқ, ас та­бақ, естелік бұйыдар, сый-кәде, кітап, бүктеме-қаттамалар және асқа  шалынған жылқылар  екі мың адамды екі күндік қонағасымен қамдауға, оған қоса алыстан келген 500 жүз қонақтың бір түндік қоналқасын ұйыдастыруға тастүйін жоспарланған. Ас судың бұзылмауы үшін арнайы 50 куптік тоңазтқыш фура да қызымет істеп ауыл шетінде тұр.

        31Мамыр күні Жәкуланың қызыл тасының тұсына қойылған «Жәкуланың жұрты» ескерткіш ансанбілінің ашылуымен басталып, 1маусым күні түстен кейін Семей театры мен тарбағатай мәдениет үйі дайындаған арнайы спектаклмен, бәйге аттарға авто көлік таратумен аяқтайтын дабыралы шараға Асқар Жәкулиннің айналасына топтасқан әбжіл қызжігіттер жітік жігерлі дайындалып жатқан.

тас.JPG

           Ерлан Қасенұлы ұйымдастырып, Сәумен Жақаев басқарып келген Тарбағатай ауданы әкімдігі мен 19 ауыл, 11мекеме басшысы да бар күш-қуатымен қолдау көрсетіп, шараның әлеуметтік салмағын арқаларына көтерген болатын.

         Жәкуланың келіні Батима Құлмұқанқызы астың тірі символы сияқты сезілсе, Қабдеш Жұмаділ, Сұлтан Жанболат, Зардыхан Кинаят, Қабдеш Жанабіл, Жәркен Бөдеш бастаған үлкен буын айтулы шараның келбетін жасағандай еді.

ж2.JPG

       2013 жылдың 31 мамыры мен 1 маусымында дүркіреп өткен атаулы шараны ұйыдастыруға Асқар Әнуарұлы Жәкулин бір жарым жыл дайындалды. Екі рет Өскеменге, екі рет Семейге, алты рет Ақсуатқа жол шекті. Арнайы кісі жіберіп, Омбы мұрағатын ақтарып, Шәуешекке барып Жәкуланың оққа ұшқан, көмілген жерін іздеді. Жәкуланың аты берілген қызыл таудың қойнауын көрді. Тарбағатайдың төрінде жатқан арғы атасы Күшіктің басына барды.

Сөйте жүріп Асқар тегінің кім болғанын тани түсті, Тәнті болды.  Жәкуланың жарқын келбетін жалпақ жұртқа көрсетті. Ол туралы сол жылдың 15 мамырында Алматыдағы ұлттық кітапханада өткен. "Жәкула болыс" және "Жәкуланың заманы мен замандастары" атты қос кітаптың тұсау кесерінде Жазушы Қабдеш Жұмаділов пен тарихшы Мамбет Қойгелдиевтің баяндамаларын тыңдау керек-ақ.

Ж1.JPG

  Сонмен қатар Асқар өзі қадағалап Болат Мүрсәлім түсірген "Алаштың алыс кеткен арыстары"атты филмде де аталған кісілер ағынан жарылып сөйлеген болатын (Бұл филм 31.05.2018 күні сағат 13:55­те ұлттық арнада қайталанады. көріңіздер).

     Осы еңбектерден біз Жәкуланың 1880 -1885 жылдары Омбыда Мед техником бітіргенін, патша армиясының дәрігері болғанын, Пережвалскі губерниясының хатшысы болғанын, Алаш үкімет мүшесі Ережеп Итбаевтің досы болғанын, Гүлбаһрам қайтыс болғаннан соң Мұқаметжан Тынышбаев Жәкуланың үлкен қызы Ғазизаны алғанын, інісі Әбілмажін Түсіпұлы да ғасыр басында Варшпвадан оқып келіп, 1936 жылы Алаш ордашыл болып атылғанын білдік.

     Асқар өзінің рухын жан-дүниесін өткен бабасының рухымен, қазақ топырағы мен ондағы үзілген тамырымен жалғауға бүкіл әулеті болып, ұрпағы болып жалғануға құлшынды.

ж5.JPG

       Ол тұста Асқардың назары "Ас өтеді, не қалады?" деген сұраққа ауатын. Қызылгесіктегі жөндеуден өткен "Би Боранбай мектебі", "Жәкуланың қызыл тасы тұсына қойылған "Жәкуланың жұрты" ескерткіші, Жағалбайлы тауының асуына қойылған "Қубас аттың соңғы кезеңі» ескерткіші, Тарбағат­й ауданына силанған Жәкуланың сегіз қанат киіз үйi, ас үшін арнайы жазылған "Барқыт белдің әні», Жәкула туралы филмдер мен кітаптар, бүгінгі күнде ШҚО деңгейінде өтіп жатқан "Жәкула атындағы био-химя oлимпиядас",  Ақсуаттан шыққан Алаш арыстары" спектаклі, осының бәрі Асқар күткен нәтиже еді.

        Ал біз үшін осынау әйгілі шараның маңызы бөлек болатын.  Жәкуланың асы ағайын­ның арасын жақындатты. Азат еліне оралған жұрттың отан сүйгіштігін  әйгіледі. Алыстан келген бауырлардың арасынан қыл өтпес берекесін көрсетті. Еліне жеткен ер жігіттердің іскерлігін, іспарлығын жарнамалады. Алыстағы шекараның сыртындағы ағайынға Қазақ еліндегі жарқын, еркін тіршілікті әйгіледі. Алматыдан тасынып барып, ел шетіндегі айдала алқапқа ауыл тұрғызып, жұлдыз қондырып, үш күн бойы мыңдаған кісіні күтіп алып, аламан бәйге шаптырып, жорға салып, гала концерт өткізіп, той тойлап аттандырды.

 ж4.JPG

Шығыстың бір жазушысы идея үшін майып болған жас шәкірттері туралы жазғанда "Ұмыту үшін еске алу" деп бастайтын. Біз Асқарды еске аламыз, есімізге ең алдымен ұланғайыр Қазақ даласының бір қиырын да өткен Жәкуланың  асы келеді. Ондағы ағайынның, достың арасында жарқырап тасқа шыққан ақ серкедей көрінген келбетті, көркем  мінезді Асқар келеді көз алдымызға.

Ас өтті...

Асқар да өтті...

Азаматтың ауыр аманатын арқалап жары Жайна қалды. Жанына қуат, жасына жас қосылғай! Асқар жалғаған ата-баба рухының терең тамыры Айданаға, Айқұтқа текті ұрпаққа асыл нәрін бергей.

 

          Алмас АХМЕТБЕК

Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері

ШҚО Тарбағатай ауданының құрметті азаматы

Jebeu.kz


Жүсіпбек Аймауытов. Ұлтты сүю әр түрлі
Кері қайту