Колледж студенттері арасында «Қыз сыны» байқауы өтті

admin2 2018-03-03 254 ℃ Қысқаша

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында 2 наурыз күні Халықаралық қазақ-қы...

1.jpg

8 Наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында 2 наурыз күні Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі  «Болашаққа бастар жол: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан колледждер арасында «Қыз сыны» сайысын өткізді.

Сайысқа Әуезов ауданында орналасқан 12 колледждың 1-3 курс студент қыздарынан бір-бірден 12 қыз қатысқан. Сайыстың жеңімпаздарын анқытайтын қазылар алқасының қатарында Әуезов ауданының әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, Әуезов ауданының мәениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Бекжан Қуанышов сияқты мемлекет қызметкерлерімен бірге «Көк тудың желбірегі» әнінің сөзін жазған Алмас Ахметбекұлы, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестінің Төрағасы Омарәлі Әділбекұлы қатарлы азаматтар болды.

5.png

Сайыс басталардан бұрын үміткерлер жеребе тартып, сайыстың барлық түріне жеребедегі нөмірі бойынша қатысты. Сайыс Іріктеу кезеңі, Негізгі сайыс және финалмен үш кезеңнен құралды. Ірітеу кезеңнен сүрінбей өткен қатысушылар негізгі кезеңде өнерлерін көрсетсе, одан өткен қыздар финалда бас жүлдеге таласты.

2.jpg

Іріктеу кезеңі екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыда үміткерлер өздерін таныстырса, екінші сатыда өз қолдарымен жасаған қолөнер туындыларын таныстырды. Қыздар өздерін таныстыру барысында бойындағы бар өнерін салуға тырысты. Бірі ән айтса, екіншісі би биледі, тағы бірі монолог оқыды. Өздерінің шыққан аты жөні, шыққан тегін, оқып жатқан оқу орынын, бойындағы асыл қасиеттерін бірі көркем сөзбен, бірі өлеңмен, енді бірі әнмен жеткізіп өз таланттарын барынша ашып, қазақ қызының өнерлі де өжет мінезін көрсетті.  Екінші саты да қыздардың дайындығы мен өнерін айшықтай түсті. Мұнда қыздар өз қолдарымен әр түрлі қолөнерлерін жасаған. Торт пен жеміс қоспасынан бастап өзбектің хан палауы мен Ел Орданың символы Бәйтерек үлгісіндегі нанға дейін дайындап аспаздық өнерлерін де көрсеткендер болды, жастық, сәукеле, сияқты ұлттық бұйымдарды бірі құрақпен, бірі моншақтармен жасаса, шығармашылық қабылеттерін салған суреттерімен көрсеткен қыздар да болды. Бұдан тыс басқа да түрлі әшекей бұйымдары мен сыйлықтық заттар да жасап жасау барыстарын қазылар алқасы мен көрерменге түсіндіріп берді. Сайыстың бұл кезеңінде сөзінен жаңылып байқаудың екінші кезеңіне өте алмай қалған қыздар да болды. Қазылардың шешімі бойынша екінші кезеңге 10 студент өтті.

3.jpg

4.jpg

Сайыстың негізгі кезеңі де өте қызықты өтті. Бұл кезеңнен  ұйымдастырушалардың бар ықыластарымен дайындалғанын, ұрпақ, қыз бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарайтынын, бұл байқаудың «Рухани жаңғыру» атына сай өткенін білуге болады. Өйткені, бұл кезеңде қыздарды түрлі сұрақтардың астынан алып, білімін, тәрбиесін, парасатын тексеруден өткізді. Бұл кезең де екі сатыдан тұрды, бірінші сатыда қыздарымыз арнайы ұяшықта жасырынған ана, қыз тәрбиесіне арналған  мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, сол мақалға сай өз көзқарастарын білдірді. Мұндағы мақал-мәтелдерді барынша түсініп, «Қызғп 40 үйден тыйым» дегендей жамандықтан бойымды аулаққа салып, ата-анам мен өз арыма кір келтірер жерден алыс жүрем, «Төркіні жақын қыздың төсегі жиналмайды» дегендегідей төркінге қарай сабыла бермей, барған жерімнің отынан кіріп, суынан шығып, түтінін түтетуге барымды салам, жақсы келін болып, ел мен елдің арасын қосамын деп берлген мақал бойынша өздері туралы сүйсінер сөздер айтқан қыздар да, кей мақалдың мәнін толық түсіне алмағандар да табылды. Негізгі кезеңнің екінші сатысы қазақ халықының қыз балаланың тәрбиесіне арналған тарихи, салт-дәстүр, өнер, аспаздық, мәдениет ұғымдарына байланысты блиц-сұрақтар беріп, қазақылықтың қазанына бір қайнатып алды. Бұл жолы алдын-ала дайындаған сұрақтарды Халықаралық қазақ-қытай колледжының директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Батырханова Ғазиза Елесқызы қойды. Қатысушылар «Сақ тайпасын басқарған ханшайым кім?», «Қазақтар сәбидің бесігне не қадаған?», «Кесте тіккенде қыздар қолына не киеді?», «Абайдың қанша қара сөзі бар?», «Қыз өссе...» мақалды аяқтау, «Құдаларға не асатады?», «Үйлену тойындағы қыздың бас киімі» деген сияқты сұрақтарға бір минут ішінде жауап беріп, әр сұраққа бір баллдан баға алып отырды. Кейбірі сасқалақтап, кейбірі бірін білсе, бірін білмей тоқталып қалса, басым бөлігі өздерінің жан-жақты қабылетін көрсетіп, көрерменге «қазақ қызы осындай болуы керек» дегенді көрсетіп тұрғандай болды. Бұл кезеңнің қортындысы бойынша қазылардың бағасынан кейін үш қызды шығарып салып, финалға 7 қыз өтті.

6.jpg

7.jpg

Финалда қыздар өздерінің ас үйдегі өнерін көрсетуге тырысты. Бірінші кезеңде бәрі бірдей қолдарына оқтау мен пышақты алып қамыр илеп, кеспе кесуден жарысқа түсті. Қазылар бергілеген 7 минут ішінде тапсырманы толығымен орындап, кеспені кесіп болғаны да, тапсырманы соңына жеткізе алмағаны да болды. Қазылар әр қатысушының тапсырманы орындап болған уақыты, орындау мөлшері мен кесілген кеспенің сапасына қарап бағаларын қойды. Кеспеден кейін қатысушылар өздері үйлерінен әкелген көкөністер мен жемістерден өз қалаулары бойынша салат жасап, құрамы мен пайдасын қазылар алқасының алдында айтып берді.

8.jpg

9.jpg

 

Қазылар финалдағы қыздардың іскерлігін бағалай отырып, үш кезеңдегі көрсеткен өнерлерін қортындылап сайыстың жеңімпазын анықтады. Жеңімпаздарды марапаттаудан бұрын ұйымдастырушылар қазылар алқасы мен қатысушылардың тәрбиешілеріне сыйлықтарын табыс етті. Қазылар алқасы сайыстың финалына жеткен 7 қатысушыға орындарына қарай сыйлықтарын үлестіріп, құттықтау сөздерін сөйледі. Бұл байқауда қазылар алқасы Алматы Энеркетика колледжының студенті Ахметжанова Айжанды жүлдегер деп таныды. «Менің өзімнің үш қызым бар, сендер менің қыздарымсыңдар» деп «Үш қызым» деген үлеңін оқыған ақын Алмас Ахметбекұлы жүлдегерді марапаттады.

11.png

10.jpg

«Қыз сынында» сүрінбей бас жүлдені алған «қазақ қызының көз тоймас сырт келбетіне, инабатты да иябалы мінезі мен ақылы сай болуы керек» деген Ахметжанова Айжан бүгінгі шараға ризашылғын мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, сындай іс-шаралар көбірек ұйымдастырып тұрса деген тілегін білдірді.

12.jpg

Бұл сайыс туралы ойымен бөліскен ұйымдастырушылардың бірі Халықаралық қазақ-қытай колледжының директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Батырханова Ғазиза: «Қыз сынына Әуезов ауданында орналасқан 12 колледждың стуженттері қатысып отыр, Сайыс үш кезеңнен тұрды, әр кезең екі сатыдан құралды. Бұл жерде қыздардың мәдениеті, білімі, өнері, сырт келбеті бәрі де жан-жағынан бағаланды.» деген пікірі мен барша қатысушыға алғысын білдірді.

Осы орайда бүгінгі ұрпақ тарбиесіне алар орны бөлек игі шараны ұйымдастырып өткізген, Халықаралық қазақ-қытай колледжының директоры, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігіміздің бұрынғы Төрағасы Талғат Мамырұлына алғысымызды білдіреміз! Ұрпақ тәрбиесіне, білім саласына өлшеусіз үлесіңізді қоса беріңіз дейміз.

Сонымен бірге, барша қыз-келіншектерді алдағы келе жатқан «Халықаралық әйелдер» мерекесімен шын-жүректен құттықтаймыз!

 13.jpg

Jebeu.kz


Адам бойындағы жаман қасиеттерді де Құдай жаратты ма?
Әйелді нәзіктігінен айыратын 26 кедергі