Қайрат пен Бүлдіршіннің жаңа паспорттарын табыс етті

Уақыты: 2018-08-11 Көрлімі: 1551 Сипаттама

Бүгін, 11 тамызда «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Шекелек ауыл...

IMG_4286.JPG

Бүгін, 11 тамызда «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Шекелек ауыланда тұратын тұйықсыздан қайтыс болған Керімхан Намазханқызының балалары Қайрат пен Бүлдіршіннің жаңа ҚХР паспортын табыс етті.

Қайрат пен Бүлдіршінің паспорттарын табыстауға атасы Сылқымбай ақсақалдың үйіне «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы Рақым Айыпұлы, бірлестік мүшелері Базарәлі Әріпұлы, Тұрсынәлі Тілеуше және «Ақ Жүніс» журналының бас редакторы Сәуле Әбілдаханқызы, Abai.kz ақпараттық порталының журналисты Нұргелді Әбдіғани, Тұрдыбек Құрметхан қатарлы азаматтар барды.

Балаларға паспорттарын табыс етумен бірге «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек Жебеудің атынан, Сәуле Әбілдаханқызы құрбылары берген  жаңа оқу жылына керекті құралдарын алуға қаржылай көмектерін табыс етті. Жаңа оқу маусымына дайындалып, сабақтарын жақсы оқуды тапсырды.

IMG_4294.JPG

Жебеуліктер мен Сәуле Әбілдаханқызы Сылқымбай ақсақалдың отбасынан қал сұрап, Қайрат пен Бүлдіршіннің әкесі Әли Сылқымбайұлының Қытайдан келуі үшін жасап жатқан жұмыстар мен қос қария  Сылқымбай Торғайұлы мен  Шәкен Қасенқызынның құжаттарын ҚР азаматтына өткізу жағын талқылап, ендігі кезекте осы жұмыстарды атқаруға уағдаласты. Сылқымбай ақсақал және отбасы мүшелері іздеуші, сұраушы, жәрдемші болған барша ағайынға алғыстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, 16 маусым күні Алматы облысы Шелек ауылында тұратын Керімхан Намазханқызы тұйықсыз қайтыс болған еді. Керімхан Намазханқызының күйеуі Әли Сылқымбайұлы мен үлкен ұлы Қайнар Әлиұлы 2017 жылдың күзінде Қытайға барып елге қайта алмай қалған. Қазір марқомның артында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы мен 95 жастағы қайын атасы және 87 жастағы енесі қалған. Бұл туралы ақпарат abai.kz ақпараттық порталында жарияланған.

20 маусым күні  «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы Рақым Айыпұлы, бірлестік мүшесі Тұрсынәлі Тілеуше, Тұрдыбек Құрметхан қатарлы азаматтар осы үйге хал сұрап барған. Ақпарат құралдарында айтылғандай Керімхан Намазханқызы қайтыс болардан бұрын ҚР азаматтығына құжаттар өткізейін десе күйеуі Қытайда болғандықтан өткізе алмапты. Осы аралықта 12 жастағы қызы Бүлдіршіннің Қытай паспортының уақыты бітіп, 16 жасар Қайраттың паспортының уақыты бітуге таяған екен. Жебеу мүшелері қос қарияға материялдық көмек көрсетіп, паспортының уақыты біткен екі баланың паспортын Қытай консулы арқылы қайта жасатып беруге, Қытайдағы Әли Сылқымбайұлы мен Қайнар Әлиұлын елге қайтару туралы Консулдық арқылы хат жіберуге уәде беріп қайтқан еді. 21 маусым күні аталған мәселелер бойынша «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматыдағы Қытай Консулдығына хат жазып кіргізген. 4 шілде тәңертең «Жебеу» РҚБ-ның төрағасы Омарәлі Әділбекұлы мен Жебеудің алқа мүшесі Құрмет Қабылғазыұлы  құжаттарын реттеп, Қытай Консулдығына Қайрат пен Бүлдіршінді және әпкесі Гүлзат Есмолданы кіргізіп, паспорттарын ұзартуға өтініш берген.

IMG_4290.JPG

Ендігі кезекте Қайрат пен Бүлдіршін ҚР азаматтығын алу үшін әкесі Әли Сылқымбайұлы елге келуі керек. Қазір Әли мен ұлы Қайнардың отбасымен қауышуына қажетті жұмыстарды Шекелек ауылында тұратын, қоғам белсендісі Райыс қажы Әріпжанұлы айналысып жатыр. Келесі аптадан бастап Сылқымбай ақсақал мен Шәкен апаның ҚР азаматтығын алуы үшін қажетті жұмыстар қолға алынады.

 

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • МҰХАМЕДИҰЛЫ: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАҚ ВИЗАСЫН ӘЗІРЛЕУ КЕРЕК
    Қазақстан қандастырмыздың еңбек өтілін біржақты тәртіппен есептеуге әзір

    Ұқсас тақырыптар