Болат Қаңтарбайұлы: Әлемдегі қазақтар бір тұтас латын әрпін қолданғаны жөн

Уақыты: 2020-03-02 Көрлімі: 80112 Сипаттама

Сайтымыздың хат қоржынына Қытайдағы тіл маманы Болат Қаңтарбайұлының латын әріпбиі ту...

d4496922-2e18-426b-812a-d313e14ffa85.jpg

Сайтымыздың хат қоржынына Қытайдағы тіл маманы Болат Қаңтарбайұлының латын әріпбиі туралы мақаласы келіп түсті. Мақала бұдан бірнше жыл бұрын жазылып, Қытайдағы қазақтардың ақпарат құралдарында жарияланыпты. Автор Қытайдағы қазақтардың латын әліпбиіне көшуі жөнінде өз ұсыныс-жобасын, ой-пікірімен бөлісіп, әлемдегі бар қазақ бір тұтас латын әріпін қолданса деген ұсынысын тастапты. Мақала негізінен Қытайдағы қазақтарға негізделіп жазылғандықтан, айтылған пікірлер мен қолданған терминдеріне түсіністікпен қарарсыздар.

Фонетикадағы қажетты әріптердің қағидалы бірігуінен қалыптасқан жазудан лексикадағы сөздер, онан соң осы сөздердің озара морфологялық қабысуынан грамматикалық сөйлемдер жарыққа шығады. Міне бұл тіл ғылымының графикалық таңбалар арқылы ауызекі тілден жазба тілге көшуіндегі басып өтетін жолы. Осылайша жазу мәдениеті ауыз әдебиеттен жазба әдебиетке көшуде тіл ғылымына дәуір бөлгіш төңкеріс жасағандығы анық. Әрқандай бір ұлт тіл арқылы дараланады. Әрқандай бір тіл сөйлеу арқылы естіледі, жазу арқылы бейнеленеді. Ал жазу әріптердің графикалық орналасуынан қалыптасатындықтан, оның шығу тегі әліпби, яғни дыбысты бейнелейтін әріптер болмақ. Әрбір әріп әрбір дыбысты білдіретін жеке - жеке таңба болғандықтан, олар дара дыбыстардың символы есептеледі. Сондықтан жазу өзгерту шынын қуғанда әліпби өзгерту, анығырақ айтқанда, дыбыстардың оқылуына жаңадан әріп таңбасын жасау деген сөз. Бұл жағындағы заңдылықтар тіл ғылымының барлық саласын қамтып жатады. Қазақ жазуын латыншаға өзгерту жұмысы қазір дүние бойынша қоғамдық сипат алған жалпылық қимыл болғандықтан, біз бұл мақаланы оқырмандарға кәсіби тілден көрі, халықтық тілді негіз етіп байымдағанымыз жөн сяқты.

Қазақ жазуы тарихтан бері талай рет өзгергенімен, әлі күнге дейін кемеліне келіп, тұрақты бір әріпке тиянақтағаны жоқ. Оған осы қолданылып келген түрлі жазулардың қазіргі ғылымға сәйкесе алмаған толымсыздығы мен әр дәуірдің сынағынан өте алмаған олқылықтары себеп болып отыр. Қазақстан мемлекеті де көптеген себептермен қазыр істетіп отырған крилше (слауянша) жазуын тастап, латынша жазуға біртұтас көшудің түбегейлі жоспарын жасауда. Ал Жүңгө (қытай) қазақтары қазыргі қолданып жүрген арап жазуынан (төтежазудан) әбден мезі болып, тұйыққа тірелді. Өйткені оның бағыты қарсы, ирегі парықсыз, нүктесі көп, жалғамалылығы қалаймақан, жеке даралығы жоқ, нота түсіруге теріс, формула жазуға қайшы, сөздік жасауға тиімсіз, буын айыруы күрделі, дәйекшесі тұрлаусыз, көмпютерге қолайсыз... қатарлы көптеген олқылықтары болғандықтан, мына зымыран заманда бұл жазудың бізге тұсау болып отырғаны да шындық. сондықтан түбінде жазу өзгертпей қазақ ұлтының көзі ашылмайтындығы бәрімізге аян ең маңызды мәселе болып өтір.

Мен қазақша тор беттерінен қазақ жазуын латынша әріптермен бейнелеудің әртүрлі ұсыныс жобаларын қабылдап жатқандықтарын көріп қатты қуандым. Меніңше дүние жүзі бойынша әбден тұрақтап болған осы күнгі көмпютер тілтақтасындағы латынша 26 әріпті ғана қолданып, қазақ жазуына қажетті әріптерді дәйекше істетпей тікелей бейнелемекші болғандары өте дұрыс болған деп қараймын. Оның жан - жақтылы игілігі бар екендігі рас. Өйткені латын әрпі түбін қуғанда қазақтың төл ғарыбы екендігін ешкім де терістей алмайды. Арғы замандағы ескерткіш тастарға қашалған Тоникок, Күлтегін жазуларындағы дара әріптердің ғасырлар бойы өзгеріп, әбден кемеліне келген нұсқасынан осы күнгі латын әрпі біртіндеп қалыптасқандығын әр дәуірдегі жазулардың формасы өздігінен дәлелдеп тұрған жоқ па? Ал осы әріптердің арғы түбірі ұлтымыздың байырғы ен таңба, ел таңба, жертаңба сяқты салт - санасындағы белгілерден бастау алатындығы да анық! Ендеше жер бетіндегі әр елге қоныстанған қазақтар бір тұтас латын әрпін қолданғаны жөн деп қараймыз. үйткені тіл табысса, ел кемелденеді, іргеленеді, толықтанады. Ал ата жазу ортақтасса, ата тек айқындалады, ұйысады, жалғасады. Міне бұл ардайым бәсекелі қоғамның биігінен көрінуі үшін орындайтын бірден бір қажетты шәрті.

Түбінде жазу өзгертпей болмайтындығы бәрімізге белгілі болды. Оны халықаралық сипат алдырмасақ, бәсекелі қоғамның қойнауына тұншығатынымызды да білдік. Ал осы көшетін жазуымздың басқа емес, латын жазуы екендігінің мәндік себебін де ұқтық. Сондықтан бұл жұмысқа бас қатырып, оған сәйкесе білу бәріміздің бұлтартпас борышымыз болмақ. Бірақ оған өте асығыстық істеуге болмайды. Қазақстанда жазу өзгертудің түрлі жобаларынан көптеген кітаптар құрастырылып, оны талқылау көлемі арнаулы мамандарды қойып, жалпы халықтық сипат алып келеді. Олар үстірттікпен бір бекімге келген емес, әлі зерттеу үстінде. Қазақстан мемлекетінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмысқа ерекше көңіл бөліп, «дүние жүзінің 75 пайыз халқы қолданатын латын әрпіне 2025 - жылы толық көшіп болуымыз керек» деген үлкен қаулыға бекіту жасап, оның саяси мәнін, қоғамдық сипатын, ұлттың құндылығын ашалап түсіндірді. Кеңеспен пішкен тон келте болмайды демекші, олардың былай істеуі өте дұрыс болды деп білеміз.

Ал Жүңгө (Қытай ред.) қазақтарында бұл жоба торапқа ерте жаряланғанымен, талқы өрісі ел тілегіндегідей онша кеңімей, жалпы халықтық сипат алмай отыр. Елімізде «с ж жобасы» қатарлы көптеген жобалар жасалғанымен, олар шынайы сарапқа салынбай отыр. Әсілі тіл мамандарымен қоса, осыған қатысты басқа салалардың мамандарын да, бұл жобаға қызығып, белсене ат салысқан зерделі азаматтарды да арнаулы бір орынға жиып, неше апта талқы оздыру керек. Онан соң оларға артүрлі міндет беріп, келер жолғы талқының жобасына даярлық істеген орынды. бұл сияқты талқыны ай сайын, жыл сайын өрістетіп, оның нәтижесін жалпы халықтық дауысқа салып бағалағанда, жоба пыса түседі деп қараймыз.

Жүңгө (Қытай ред.) қазақтары жоғарыдағы шарттар бойынша алдымен көптеген жоба нұсқаларын жиып алып, ғылми да жүйелі талқыға салу керек. Онан соң олардың қауызын тастап, дәнін алып, соңында шынайы сараланған бірнеше мықты жобаны тұрақтандыру керек. Ең соңында толық мақұлдаудан өткен, әбден кемеліне келген, жалпы қазақ ұлтына ортақ болатын бір ғана жоба алып шықса, өте жақсы болар еді. басқа халықтар латын әріптерін өздерінің тіл заңдылығына сәйкестіріп қолдана жатар. ал қазақ ұлты дүние бойынша бір ғана жоба нұсқасын қолдануы шарт. Өйтпегенде тілі ұқсас болғанымен, оқылуы ұқсас болмаған латын әріптері екі елдегі қазақтардың жазу мәдениетін тоғыстыра алмайды да, ежелден мың өліп мың тірілген, әр елге тарыдай шашылған қазақ халқының түсінісуі қиынға соғады.

Болашаққа күйінетін азаматтар қатарында, көп рет тексеріп -зерттеу арқылы, қазақ жазуын латыншаға өзгерту жобасын қалай істеу жағындағы өз козқарасымды ортаға салмақпын. Бәлкім бұл халқымыз үшін ең қолайлы, ең дұрыс, ең соңғы кемелді жобаның жасалуына аз да болса септігін тигізсе екен деген үміттемін.

Компютердің тіл тақтасындағы (тілтұғыр) көрініп тұрған әріптер жетпесе, қалған әріптерге басқа таңба істетіп, программа түзу арқылы жұмсақ бөлшекке айналдырып, оны барлық көмпютердің ішкі жүйесіне (митұғырға) орнатуға бола береді ғой. Осы арқылы қосар әріптерден, дәйекшеден түбегейлі азат болу қиын емес. Бірақ осылай істегенде бұл артық әріптерді шифт ((shift) арқылы белгілі бір кнопканы (түймені) басып шығаруға тура келеді. Бұл бөгде әріптер тіл тақта бетінен анық көрінбейді әрі система ауысса, оны ішкі жүйе де танымай қоюы мүмкін. Сондықтан қосар әріп істетсек те, бұндай әдісті қолдануға болмайды деп қараймын. Ендеше жаңадан әріп жасағанда мынадай шарттарға көңіл бөлсе жөн боларма екен деген ұсыныс қойамын:

1.                қазыр көмпютердің тіл тақтасы, айпаттың беті, қолфонның кнопкасы қатарлы дүниеге жалпыласып кеткен электрондық озық техникалардың барлығы 26 әріпті негіз еткен латын жазуын қолданады. Қазақ жазуы да осы 26 әріппен жасалғаны, жетпеген әріптер қосар әріптермен бейнеленгені жақсы демекпін.

2.                 Сырттан қабылданған сөздерді жазамыз деп, қазақша басы артық әріптер жасаудың түк те қажеті жоқ. Басқа ұлттар сияқты осы кірме сөздерді өз жазуымызбен ұқсатып жазсақ та жетіп жатыр. Өйткені шетел тілін өз кейпінде қазақша бейнелеуге біз міндетті емеспіз ғой. Ендеше бізге 33 әріп емес, тек қазақша 29 әріп те жетеді деп қараймын.

3.                Латын әрпінің оқылуын бұрын өзіміз 20 жыл қолданған ханзу тілі дыбыстық жобасындағы оқылуы бойынша (жаңа әріп) алуды негіз ету керек. Олар да кезінде халықаралық дыбысталуын негіз еткені анық. Өйткені ханзу тілі бізді қойып, таяау болашақта бүкіл дүниеге жалпыласатын негізгі тілдердің бірі болары мұнда тұр.

4.                 Қазақ жазуын дәйекшесіз бейнелеу үшін, ең кемінде 3 қосар әріп жасауға тура келеді. Оны көмпютер тіл тақтасындағы ең жіңішке i әрпін жарты сыңары етіп жасаған жөн деп білемін. Сонда 26 жалаң әріпті төте басқанымыз сяқты, қалған 3 қосар әріпті де төте басуға қолайлы болады.

5.                қосар әріптер қалайда дауысты дыбыс болуы, әрі олар қазақ тілінде қатар тұрып буын құрай алмайтын екі дауысты дыбыстың қоспасынан жасалуы шарт. Сонда жазу барысында әріп не буын шатастығы мүлде туылмайды. буын айыру белгісін қоюдың да еш қажеты қалмайды.

6.                кейбір әріптерді қазіргі Қазақстан жазуына сәйкестіру, ал кейбіреуін өзге ел қазақтарының жазуына үйлестіру, тағы кейбіреулерінің оқылуын халықаралық дыбысталуға жақындату сияқты басқа да көптеген ұсақ - түйек шарттарды ойластырып, латынша қазақ жазуына қажетті  29 әріпті ең қолайлы, ең ғылми, ең кемелді болған жобада бейнелеу керек.

7.                 Біз осылайша жазуға жаттық, қолдануға қолайлы, оқуға оңай, әріп басуға әуресіз, ережеге ебдейлі, аталуға анық, бейнелеуге берік, ұлтымызға үйлесімді, дәйекшеге дәнікпеген, ғылымға қабысатын, бағыты сәйкескен, заманға ілесетін, басқалай қосымша шарттары болмаған ең кемелді жобаны алып шығуға құлшынғанымыз жөн.

Осы шарттар бойынша қазақ тіліне қатысты 29 әріптің 26-сын тіл тақтадан төте басып шығаруға болады. Ал қазақшада немесе басқа тілдерде аз жұмсалатын 3 қосар әріпті де «i» ны қолданып келтіріп шығарсақ, барлық сөздерді тіл тақтадан төте басу арқылы бейнелеп жазуға әбден болады. Мысалы, «а, о, ұ» әріптерін қосар әріп арқылы жіңішкертіп, одан «ә, ө, ү» әріптерін «ai, oi,ui» арқылы жасағанымыз орынды болатын сяқты. Өйткені орын иелемейтін ең жіңішке әріп «i»-ны қосар әріптердің сыңары етіп қолдансақ, көптеген ықшамдылыққа қол жеткізе аламыз. Осы «i» әрпі қосар әріптердің сыңары болып келгенде, төте жазудағы сияқты жіңішкерту ролын атқарады. қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар келіп буын құрамайтындықтан (әі, өі, үі болмайтындықтан), бұдан әріп не буын шатастығы әсте туылмайды.

Енді бір ерекше ескеретін нәрсе: бұнда «i» әрпі әсте дәйекше () емес. Оның ролын атқарса, шатастық туылады. дәйекше кейде қойылмаса да жіңішкере береді деген ережені оған істетіп, «к, г, е» әріптері бар сөздердегі қосар әріптерден «i» ны алып тастауға мүлде болмайды. Бұлай істесек, қосар әріптердің мәндік сипаты бірден өзгереді. Қазір дәйекшенің әлегінен құтыла алмай жүргенде, мұндай пәлеге жоламайық. Оның бетін ары қылсын.

Енді бір жақтан бұрын біз қолданып келген «у, й» әріптері бұрын әрі дауыссыз дыбысқа, әрі жартылай дауысты дыбысқа уәкілдік еткендіктен, буын айыруда аз болмаған қиыншылықтар арқалатқан еді. Мысалы: «су, силық» деген сөздерді буынға айырғанда, «у, и» әріптерінің алдында «ұ, ы» ның жасырынып тұрғандығын ескермесе болмайтын. Ал латынша жаңа жазуда бұл шатастықты болғызбау үшін, «у,й» әріптері бірыңғай дауыссыз дыбыс болып қабылданып, оның алдына келетін дауысты дыбыстар қысқармай жазылуы керек деп қараймыз.

Біз жоғарыда жаңа жобаны жасаудың түрлі шарттарымен танысып өттік. Бұл шарттар тіл тақта бетіндегі көрініп тұрған әріптерден қазақ жазуын төте басып шығаруды, дәйекшені жоғалту үшін қосар әріп қолдануды мақсат еткен. Сонда жаңадан сатып алған көмпютер, айпат немесе қолфонның беттерінен заводта қашаланған әуелгі әріп жүйесі бойынша қазақша әріптерді еш қиналмай төте баса беретін боламыз. Алғашында көзге ерсі көрінгенімен, бара-бара үйреніп те аламыз ғой.

Бұл козқарастарым сынақтан өтіп, бір бөлімдері қабылданып жатса, әрине ойлаған тілегіме жеткен боламын. Тым болмағанда қазақ жазуын бейнелейтін ең соңғы кемелді жобаның жасалуына бұның аз да болса көмегі тисе қуанар едім. Қазырғы жаратылыстық ғылымдағы сан мен формула жазу, қоғамдық ғылымдағы кесте түзу, ән нотасын түсіру, сөздік жасау... қатарлылардың бағытына қазіргі ғарпымыздың бағыты мүлде қайшы болды. әуелі математикалық тілмен айтқанда, осы екі бағыттың векторлық бұрышы 180 грәдус қарама - қарсы болып тұрғанына не дерсің.  Ал дәйекше болса көмпютердің әріп ауыстыру жүйесіне түбегейлі үйлеспей келеді... осы көп қайшылықтан тек латын жазуына көшу арқылы ғана құтылуға болады деп білемін.

Төте.JPG

Мен қазақ жазуының латыншаға өзгеретін хабарын алғаш естігеннен кейін, бұл игілікті жұмысқа біртіндеп қызыға бастаған едім. Сонымен көп жылдар бойы оған бас қатырып, өзімше бірнеше сынақ жоба жасадым. Онан соң өзіндік ерекшелігі бар екі түрлі жобамды жақында қазақ тор беттеріне шығарып, тораптастармен өзара пікір ортақтастырдым. Осы арқылы қазақша ғалам тордан жоба жөнінде аз болмаған білімдер жинап, тамаша тәжірибелер топтап, өз көзқарасым негізінде осы зерттеу мақаламды толықтап қайта жазып шықтым. Осылайша дүниеге келген ұсыныс пікірлерімді мамандардың, көптің талқысына салып отырмын. Төрелігін айна халқым айта жатар.

Соңында оқырмандардың қосымша пайдалануы үшін, қазақ жазуының латынша нұсқасынан 29 әріптік өзім жасаған тағы бір жаңа жобаны да қоса жолдап отырмын. сынап көргейсіздер.

Енді осы жобаның әріптері бойынша сөздерді екі түрде жазудан нақтылы мысалдар келтірейік.

(1) Бір ұлттың жазуы әр қашан сол ұлтқа тұсау болмау керек.

(1) Вir ulttcv jazcwc air haxan sol ultha tusaw bolmaw kerek.

(2) Ертеңін өлтірмейтін халық ғарышқа бөгелмей самғайды.

(2) Еrtevin oiltirmeytin halch farcxha boigelmey samfaydc.

(3) қазақтың тілінде бөгенайы бөлек орамды тіл үлгісі бар.

(3)Һazahtcv tilinde boigenayc boilek oramdc til uilgisi bar.

(4) Тұтас жазудың анасы- тіл, арқандай тілдің атасы - ұлт.
         (4)  Тutas jazcwdcv anasc - til, airhanday tildiv atasc - ult.

(5) Өз халқының қамын жемеген ұрпақ нағыз азамат болмайды.

(5) Оiz halhcncv hamcn jemegen urpah nafcz azamat bolmaydc.

Автор туралы:

Болат Қаңтарбайұлы, 1958 жылы 20 желтоқсанда Алтай ауданы Әбитан ауылдығы Шыңырау қыстағында дүниеге келген. Ағартушы, баспагер, зерттеруші, ақын, жазушы, көмедик  журналист. Алтайдан шығатын «Жастұлек» журналы редакторының орынбасары. Алтай аймақтық, Іле облыстық оқытуды зерттеу қоғамының, айтыс зерттеу қоғамының мүшесі,  Алтай аймақтық, Іле облыстық жазушылар одағының, Шинжаң жазушылар одағының, ҚХР аз ұлт жазушылар қоғамының мүшесі.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қ. Тоқаев: Қазақ тіліне болашақта ұлтаралық байланыс тіліне айналу бұйырған
    "Коронавирустан қорғанудың ең басты амалы маска тағу емес"