Ұлыбритания елшісі: Креативті экономика бойынша Қазақстанмен тәжірибе бөлісуге дайынбыз

Уақыты: 2018-11-16 Көрлімі: 1682 Сипаттама

Елордада Британ кеңесінің ұйымдастыруымен креативті экономика бойынша «Креативті Орт...

20181116111254.jpg

Елордада Британ кеңесінің ұйымдастыруымен креативті экономика бойынша «Креативті Орталық Азия» халықаралық форумы өтіп жатыр, деп хабарлаймыз ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Форумды Британ кеңесі (British Council) Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-мен бірлесе ұйымдастыруда. Шараны өткізудегі мақсат - Ұлшыбританиямен бірлесе отырып, Орталық Азияда мәдени және креативті дамуға септігін тигізетін көшбасшылар желісін құру болып отыр. 

«Астана өзінің мерейтойын атап өтіп жатқандықтан, аталмыш конференция осы қаланың дамуына өзіндік үлес қосып, Астананың жаңа брендке айналуына сеп болып қана қоймай, шаһардың гүлденуіне де көмектесе алады», - деді ҚР-дағы Ұлыбританияың Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Гиффорд форум барысында. 

Дипломат өз сөзінде бұл ретте тек мәдени ғана емес, басқа салада да ынтымақтастықты бекемдеу маңызды екенін тілге тиек етті. 

«Институттар мен адамдар арасындағы байланыс Ұлыбритания мен Орталық Азия арасында креативті экономика бойынша жемісті диалог құруға көмектеседі. Бұл жаңа экономикалық мүмкіндіктердің жаршысы бола алады. Біз бұл жерде Орталық Азияның шығармашылығының дамуына, кеңеюіне септігімізді тигізу үшін келіп отырмыз», - дейді ол.

Өз кезегінде Британ кеңесінің атқарушы директоры Киран Девайн қазіргі уақытта креативті индустрия Ұлыбританиядағы өсімі ең қарқынды сектор болып отырғанын, бұл салаға жылына 100 млрд фунт бөлінетінін тілге тиек етті. 

«Креативті индустрия қаржылық табыс тауып қана қоймай, әлеуметтік және азаматтық дамуда маңызды рөл атқарады. Міне, сондықтан біз Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан елдерімен британдық тәжірибені бөлісуге дайынбыз», - деді ол.  

Jebeu.kz







Пікір жазу
  • Елбасы Қазақстандағы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды
    Шетел азаматтары мен қандастарымыз бір сағатта ЖСН ала алады

    Ұқсас тақырыптар