Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп Ақ ордаға сілтеме жасап хабарлаймыз.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.
– Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз, – деді А.Гутерриш.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.
Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
Jebeu.kz