Парламент депутаттары Арыс тұрғындарымен кездесу үшін Түркістан облысына аттанды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.
«Барлық депутаттық корпус атынан Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Сонымен бірге, зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуін тілейміз. Баршаңызға белгілі, осы күндері бүкіл қазақстандықтар бір ел болып Арыс тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетуде. Соның ішінде Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ», - деді Н. Нығматулин.
Мәжілістің жалпы отырысында. Осы орайда ол депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударғанын жеткізді.
«Ал кешеден бастап бір топ депутаттарымыз халықпен кездесу үшін Арыс қаласына жол жүріп кетті. Баршамыз Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруын тілейміз. Арыс, біз біргеміз!», - деді Мәжіліс төрағасы
Jebeu.kz