Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Уақыты: 2019-07-25 Көрлімі: 664 Сипаттама

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындық жағдайы, сондай-ақ,...

b8b5c3fa7112206b183dbfba6aaa365d.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындық жағдайы, сондай-ақ, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Соның ішінде Қазақстан Президентіне қала аумағындағы оқ-дәрі қалдықтарын іздеу, тазарту шаралары, сондай-ақ, Арыстағы әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндалды. Қорғаныс министрінің айтуынша, бүгінге дейін әскери қоймалардан үш мың тоннаға жуық оқ-дәрі қауіпсіз жерлерге шығарылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарын жою және оқ-дәрілерді шығару жұмыстарының уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, қаза болғандарды, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен тиісті қызмет өкілдерін марапаттауды тапсырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына кезеңдерінің бір бөлігі Қазақстан аумағында өтетін алдағы әскери ойындарға дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Пікір жазу
  • ТОҚАЕВ БРАКОНЬЕРЛЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ҚАЗА ТАПҚАН АЗАМАТТЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
    Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

    Ұқсас тақырыптар