Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз.
Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.
1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым - қараша аралығында - Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2006-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016-2018).
2018 жылдың ақпанынан бері «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. «Құрмет» орденімен (12.2007); «10 жыл Астана» медалімен (2008); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.
Jebeu.kz