"Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. «Digital Centre» (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында", - деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парашасында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс екенін айтты.
«Astana IT University» және «Alem» бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олар – озық Қазақстанның қозғаушы күші. ҚР өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты»,- деді ол.
Jebeu.kz