Затобол кентінің атауы Тобыл болып өзгерді

Уақыты: 2020-01-03 Көрлімі: 1049 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін а...

116252372_0.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.

  2. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.

  3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының 

              Президенті                                                                                      Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қаңтар

№ 235




Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтауы
    БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ УШЫҒЫП ТҰРҒАНЫН МӘЛІМДЕДІ

    Ұқсас тақырыптар