«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» іс-шаралары онлайн режімде өтеді - АҚДМ

Уақыты: 2020-02-21 Көрлімі: 1190 Сипаттама

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының «Х...

oglogo.png

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында іс-шараларын Министрліктің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда онлайн-көрсетілімін іске қосады, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Онлайн-трансляциялар өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Министрлікте тиісті кесте бекітілген, оған 15-ке тарта өзекті ашық іс-шаралар (отырыстар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, форумдар және т.б.) енгізілген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасының негізгі мақсаты мемлекет пен халық арасында сындарлы диалог орнату болып табылады.

Мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауынан екені жасырын емес.

Іс-шаралардың онлайн трансляциялары Министрліктің ресми интернет-ресурсында, Facebook және Youtube әлеуметтік желілерінде қолжетімді болады.

Сонымен қатар, Интернет пайдаланушылары онлайн-трансляция барысында өз пікірлерін қалдыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әр апта сайын онлайн режімінде Үкімет отырыстары, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің жалпы отырыстары, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес жыл қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың алқа отырыстары трансляцияланады.


Пікір жазу
  • Президент медиаөнімдердің бәсекеге қабілетті болуын тапсырды – Дәурен Абаев
    Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалды

    Ұқсас тақырыптар