Карантин нәтижесі: Республика бойынша вирус жұқтырған науқастар өсімі төмендеді

Уақыты: 2020-04-03 Көрлімі: 973 Сипаттама

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Бі...

Concept-of-coronavirus-quarantine-731x488.jpg

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді. 

«Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн сайын 30-50 пайыз аралығында құбылып тұратын. Ел бойынша карантин шаралары күшейтілген соң, республика бойынша жалпы өсім 9-12 пайызға дейін төмендеді. Бұл Үкімет пен өңір әкімдері жүргізген карантин шараларының тиімділігін көрсетеді. Ауру жұқтыру жағдайларының 30 пайызы еңбек ұжымдарында тіркелгенін айтқан едік. Жұмыс орындары инфекцияның таралуына айтарлықтай ықпал етті. 28 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтанда науқастар өсімі күніне 60 жағдайдан 15 жағдайға дейін төмендеді. Алматыда 8-ден 2 жағдайға дейін азайды. Мұның барлығы - карантин мен оқшауланудың тиімді болуынан. ТЖ бойынша мемлекеттік комиссия шешімімен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмысты тоқтату тағы бір аптаға созылды. Бұл екінші апта еңбек ұжымдарындағы, қоғамдық орындардағы байланысты азайтып, инкубациялық кезеңде жүрген науқастарды анықтауға мүмкіндік береді», - деді Елжан Біртанов.


Пікір жазу
  • 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемге қалай өтініш беруге болады?
    COVID-19 індеті бойынша экспресс-тесттен кімдер өте алады?

    Ұқсас тақырыптар