Үкімет Мақтааралдағы зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді

Уақыты: 2020-05-05 Көрлімі: 460 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысы...

8u5a0266-1080.jpg

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуына қатысты мәселе қаралды, деп Үкіметтің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев баяндама жасады. 

Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бір бөлігі жарылып, су қоймасындағы су деңгейін төмендету үшін суды ағызу салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторлары суға толтырылды. Судың ағып кетуінің салдарынан Мақтаарал ауданының шекарасындағы коллектордан су төгіліп, 5 елді мекендегі 631 үйді су басты: Жаңа Тұрмыс – 46 үй, Жеңіс – 130 үй, Фирдоуси – 250 үй, Өргебас – 194 үй, Достық – 11 үй. Мақтаарал ауданында 3 600 га егіс алқабы зардап шекті, оның 85%-ы мақта егуге арналған. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы саны 30 581 адамды құрайтын 14 елді мекен эвакуацияланды.

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Премьер-Министрдің орынбасары Р. Склярдің төрағалығымен Үкіметтік комиссия құрылды, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кірді. 

«Комиссия бес ауылда – Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарына келтірілген залалға шұғыл бағалау жүргізіп, одан соң инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Үкімет зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді», — деді А. Мамин.


Пікір жазу
  • Қазір еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 2847 науқас емделіп жатыр
    Жұмыссыз қазақстандықтар құны 400 долларлық курсты тегін оқиды

    Ұқсас тақырыптар