Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ораза айтты үйде қарсы алуға шақырды

Уақыты: 2020-05-23 Көрлімі: 566 Сипаттама

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы ҚМБД мәлімдемесіне сәйкес, Ораза айт мерекесін карант...

2020_05_23_d3721621152cf5e3d8179277fe68acf4.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы ҚМБД мәлімдемесіне сәйкес, Ораза айт мерекесін карантин жағдайында барынша сақтық шараларын сақтап, үйде қарсы алуға шақырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қадірменді елордалықтар, Алла Тағала баршамыздың Рамазан айында ұстаған оразамызды қабыл етсін. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мәлімдеуінше, биылғы Айт мейрамы мамырдың 24-не сәйкес келіп тұр. Бірақ өкінішке қарай, ел карантин жағдайында болғандықтан кеңінен атап өте алмаймыз. Әрбір мұсылман індеттің өршіп кету қаупі болғандықтан сақтық шараларына жіті мән беру қажет. Барынша отбасымызбен, үйде бірге өткізгеніміз дұрыс болады.

Айтта туған-туыстарымызды, жақындарымызды құттықтау, мұсылманның міндеті. ҚМБД мәлімдемесіне түсіністік танытып, үйде болуларыңызды сұраймыз. Айт намазын оқи алмаған адам, оның орнына «Уад-духаа» намазын оқиды. Алла Рамазан айында жасалған ізгі амалдарымызды, ұстаған оразаларымызды қабыл еткей. Еліміздің тұғырын биік қылғай», – деді елорданың бас имамы өз құттықтауында.



Пікір жазу
  • Бейсен Құранбек атындағы сыйлық тағайындалды
    Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам