42 500 теңге төлем ала алмаған азаматтар не істеуі керек?

Уақыты: 2020-05-26 Көрлімі: 1071 Сипаттама

Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге ала алмаған азаматтардың бұл әлеуметтік төлемді алуғ...

1587561767_news_b.jpeg

Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге ала алмаған азаматтардың бұл әлеуметтік төлемді алуға әлі де мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

«Төтенше жағдайдың тоқтатылуына байланысты 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды. Сонымен бірге, «42 500 теңге» төлемі тағайындалмаған жекелеген азаматтардың өтініштеріне байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай төлемдерді тағайындаудың іс-қимыл сызбасын әзірледі. Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін, аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек. Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығының бары немесе жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне беріледі. Ол «Өтініш берушінің электрондық іс макетін» қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттарымен аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы арқылы облыстық (қалалық) штабқа жүгінеді. Содан кейін қайта қарау процедурасы қайталанады. Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады», – деді вице-министр.


Пікір жазу
  • Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі
    Қазақстанда коронавируске шалдыққандар 9300-ден асты