Жапонияда Қазақстанды зерттеу жөніндегі сарапшылар қауымдастығы құрылды

Уақыты: 2020-06-10 Көрлімі: 1203 Сипаттама

Жапонияда Қазақстанды зерттеу жөніндегі сарапшылар қауымдастығы құрылды. Бұл ҚР Сыртқ...

200610173358026e.jpg

Жапонияда Қазақстанды зерттеу жөніндегі сарапшылар қауымдастығы құрылды. Бұл ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін Қазақстанды зерттеу жөніндегі сарапшылар қауымдастығын таныстыруға арналған отырыс барысында «Бүгінгі Қазақстан: сабақтастық және даму болашағы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Қауымдастық құрамына Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту үшін зерттеулер жүргізуге және сараптамалық-консультативтік қолдау көрсетуге ниетті жапондық ғылыми, академиялық және іскер қоғамдастықтар, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері кірді. Олардың арасында Жапонияның Қазақстанда әр жылдары қызмет атқарған елшілері, «Васэда», «Рицумейкан», «Тейкё» және «Мусашино» университеттерінің профессорлары бар. 

Қауымдастықтың алғашқы отырысында жапондық сарапшылар Қазақстан Республикасындағы қазіргі ахуалды, оның ішінде коронавирусқа қарсы күрес пен экономикалық дамуды қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев іс-шараға қатысушыларды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауының негізінде Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.

Орталық Азия үшін бірегей болып саналатын биліктің сабақтастығы сарапшылар талқылауының басты назарында болды. Егеменді мемлекеттің қалыптасуына зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттіліктің басты шарттарының бірі – билікті конституциялық жолмен табыстаудың негізін қалады.

Қазақстанды зерттеу жөніндегі сарапшылар қауымдастығының төрағасы, «Рицумэйкан» университетінің құрметті профессоры Кэй Карасава баяндама жасаған. Ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуын және азаматтық қоғаммен жаңа диалог алаңы ретінде құрылған, әлеуметтік және экономиалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін – Ұлттық қоғамдық кеңестің жұмысын жоғары бағалады.

Жапонияның ҚР-дағы бұрынғы Елшісі (2003-2005 жж.) Тосио Цунодзаки ұлттық экономиканы қолдау, халық табысын сақтау және эпидемиядан кейінгі қалпына келтіру шаралары бойынша Қазақстанның оң әлеуетін атап өткен.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • МӘМС: Медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
    Алматы әкімі кәсіпкерлерді санитарлық ережелерді бұзбауға шақырды