Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандар ауруханаға жатқызылмайды

Уақыты: 2020-07-01 Көрлімі: 519 Сипаттама

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабеко...

burabekova-750x406.jpg

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елде коронавируспен ауыр және орта дәрежеде ауырып жатқан адамдар ғана ауруханаға жатқызылатынын мәлім етті.

«Қазіргі таңда коронавируспен ауыр және орта дәрежеде жатқан науқастар ғана ауруханаға жатқызылады. Сонымен қатар КВИ расталмаған, алайда пневмониямен түскен адамдар да ауруханада емделеді. Ал КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретіндер амбулаториялық жағдайда емделуі тиіс. Себебі онсыз да стационардағы төсек-орын бос емес. Сол себепті КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретін азаматтар үйінде емделіп, уческелік дәрігердің бақылауында болуы тиіс», - деді Людмила Бюрабекова.

Людмила Бюрабекова сонымен бірге коронавирус белгілері анықталған жағдайда азаматтарды өз бетінше емделмеуге шақырды.

«Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды. Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес бактерияға қарсы препараттар стационарларда жатқан науқастарға ғана беріледі. Яғни бактериалды инфекция анықталып, пневмония расталған жағдайда ғана қолданылады», - деді вице-министр.




Пікір жазу
  • Алексей Цой коронавируспен күрестің негізгі қадамдарын таныстырды
    5 шілдеден бастап қандай шектеу шаралары енгізіледі?

    Ұқсас тақырыптар