Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгінгі күні ел бойынша стационарларда ПТР-тест нәтижесі (коронавирусқа) теріс, пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр. Одан басқа стационарларда КВИ бойынша ПТР-тест нәтижесі теріс ЖРВИ немесе басқа тұмау аурулары бар деген диагнозбен 4 мыңнан астам адам емделуде», - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық емханалар, жедел жәрдем және ауруханалар медициналық көмекті ұйымдастыру шараларын қарқынды жүргізіп жатыр.