Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасында карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді.
«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ президент мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңгеден төлейтінін жазды.
«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.