Ақпараттың шын не жалған екендігін анықтайтын интернет-ресурс іске қосылды

Уақыты: 2020-07-16 Көрлімі: 1063 Сипаттама

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі www.stopfake.kz жаңа интернет-ресурсын іске қосты, мин...

Снимок.JPG

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі www.stopfake.kz жаңа интернет-ресурсын іске қосты, министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Бұл сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату және т.б. екендігін жариялайды.

StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді.

Сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалғандық дәрежесін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтқа жариялайды.

Жалпы алғанда, StopFake қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге және қате, жалған хабарламалардың ақпараттық тазалығына бағытталған.


Пікір жазу
  • Пандемия кезінде жүкті әйелдер денсаулығын қалай қорғауы тиіс
    Ж. Бекшин: ЖРВИ мен тұмауға коронавирус инфекциясы қосылса жағдай өте қиын болады