ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов сабақ кезінде балаларға медициналық қолғап кигізуді міндеттеу туралы әлеуметтік желідегі ақпаратқа пікір білдірді.
"Балаларға қолғап кию міндетті емес. Бұл әлеуметтік желілерде жүрген жалған ақпарат. Ол шындыққа жанаспайды. Ал масканы сабақ кезінде тағу керек. Балалар ересектерге қарағанда вирусты аз жұқтырса да, олар аурудың қоздырғышы болып саналады және олар егде жастағы адамдарды жұқтыруы мүмкін", - деп түсіндірді Қожахметов ОКҚ брифингінде.