80 түрлі дәрі-дәрмекті елімізде өндіру жоспарлануда

Уақыты: 2020-09-17 Көрлімі: 1039 Сипаттама

Елімізде алдағы бес жылда фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамытуға арналға...

200122125250651e.jpeg

Елімізде алдағы бес жылда фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамытуға арналған кешенді жоспар іске асады.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, фармацевтика саласының өндіріс көлемін 2 есеге арттыру, дәрі-дәрмектердің экспорт көлемін де соншаға көбейту көзделген. Сондай-ақ, 80 жаңа дәрі-дәрмек түрін өндіретін кемінде 10 жаңа өндірісті іске қосу көзделіп отыр. 

Тағы бір маңызды шара - медициналық бетперделерді шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығын тәулігіне 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін жеткізу. Алдағы жылдың  бірінші тоқсанына қарай қорғаныс костюмдерін өндіру қуатын 500 мыңнан 1 миллион данаға дейін жеткізу жоспарда, - деді министр. 

Сондай-ақ, ол бүгінде 33 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттардың 922 түрлі өнімін шығаратынын айтты. Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1% пайызға өскен. Індет басталғалы бері жеке қорғаныс құралдарын шығару көлемі 10 жаңа жобаны іске қосу есебінен 10 есе артқан.

Дереккөз: Baq.kz

Пікір жазу
  • Бақыт Көшерова:COVID-19-бен күресте мемлекет пен халықтың жауапкершілігі қажет
    Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі

    Ұқсас тақырыптар