Коронавируспен ауырмау үшін қандай ережелерді қатаң сақтау керек

Уақыты: 2020-09-22 Көрлімі: 465 Сипаттама

Коронавирус инфекциясынан жазылғаннан кейін денсаулықтың қандай көрсеткіштерін бақы...

petuhova.jpg

Коронавирус инфекциясынан жазылғаннан кейін денсаулықтың қандай көрсеткіштерін бақылау керек? Коронавирус індеті кезінде иммунитетті қалай сақтауға болады? Антибиотикті дұрыс қолданбаудың салдары қандай болмақ? Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Еуразия медицина қауымдастығының басқарма төрағасы Надежда Петухова айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақталып, ауырғандар саны азая бастады.

«Қазір тұмауға қарсы вакцина егу науқаны жүріп жатыр. Оның тиімділігі айтарлықтай жоғары – 60%. Егде жастағы адамдарға, балаларға, дәрігерлерге, мұғалімдерге және созылмалы аурулармен ауыратындарға және көп адамдармен байланысқа түсетіндерге вакцина егу керек. Вакцина 14 күннен кейін иммунитетті қалыптастырады. Вакцина коронавирустан қорғамайтынын айтып өту керек. Егер адам тұмаумен ауыр асқынулармен ауырса және оның иммунитеті әлсіресе, онда коронавирустың жұқтыру ықтималдығы едәуір артады», - деп түсіндірді Надежда Петухова.

Оның айтуынша, коронавирустан емделгеннен кейін де медициналық тексерістен өту керек, себебі түбегейлі зерттелмеген қауіпті вирус адамға зиянын тигізе береді.

«Ұлыбританиядағы ғалымдардың зерттеуі бойынша, коронавирустан емделгендердің 70%-ының жүрек бұлшықеті зақымдануынан зардап шегеді. Сондай-ақ, бүйрек, бауыр, жүйке жүйесі де зақымданады. Сол себепті медициналық тексерістен өтіп, біртіндеп оңалту шараларын жүргізу керек», - дейді ол.

Ол қазіргі уақытта емханаларда арнайы оңалту бөлімдері бар екенін айтты. Адамның жасына, коронавирсупен қаншалықты ауыр ауырғанына байланысты дәрігер қажетті ұсынымдарды айтады. Оның пікірінше, иммунитетті сақтау мәселесі бір күннің, аптаның немесе айдың мәселесі емес.

«Қазір тағамдық қоспалар, дәрумен сатып алу иммундық жүйені күшейтеді деп ойлау сәнге айналды. Ең бастысы – физикалық белсенділік режимін сақтау керек, одан кейін уақтылы тамақтануды және 7-8 сағаттық ұйқыны қалыпқа келтіруді қолға алу керек. Тағы бір маңызды мәселе – таза ауада көп жүру. Скандинавиялық жүру әдісі де денсаулықты айтарлықтай жақсартады және тыныс алу жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі», - дейді Надежда Петухова.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы антибиотиктерді қолданудың еш негізі жоқ. Аурудың патогенезі вирус болғандықтан – антибиотиктер бактериялық инфекция қосылған кезде тағайындалады.

«Дәрігердің кеңесінсіз антибиотик қабылдаудың қажеті жоқ. Ол ауруды асқындырып қана қоймай, алдағы уақытта антибиотикке тұрақты сезімталдықты жояды», - дейді дәрігер.

Ол коронавирус індеті адамдарға денсаулықтың қадірін білуге, жақындарыңа жанашыр болуға үйретті.

«Егер аурудың белгілері болса, бұрынғыдай жұмысқа бара берудің қажеті жоқ. Сізге өмір салтын өзгерту керек және достарыңызбен бірге дәмхана, мейрамханаға бармай, саябақта немесе қаладан тыс жерде серуендеу керек. Созылмалы ауруы бар науқастар үнемі тексеріліп, салауатты өмір салтын сақтау жөніндегі ұсыныстарды орындағаны абзал. «Қоғамның саулығы дегеніміз – әр адамның өз денсаулығын сақтап, бақылап отыруы» деген сөз көңілімнен шығады», - дейді Еуразия медицина қауымдастығының басқарма төрағасы Надежда Петухова.


Автор Зарина Қаһарман


Пікір жазу
  • Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
    Ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалады?

    Ұқсас тақырыптар