Алматылық кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай тетіктер бар?

Уақыты: 2020-10-14 Көрлімі: 911 Сипаттама

Алматыда карантин кезінде кәсіпкерлерді қолдайтын қолжетімді тетіктер қарастырылған....

1599651999_20-trud-i-zanyatost.jpg

Алматыда карантин кезінде кәсіпкерлерді қолдайтын қолжетімді тетіктер қарастырылған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Бұған дейін кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы, Алмалы ауданының әкімдігімен бірлесіп, «Almaly» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығын ашқан болатын. аталған орталықта «Атамекен» ҰКП, «Almaty Finance» ЖШС, Qoldau, «Іскер ана» бағдарламасымен «Бақытты отбасы» орталықтарының мамандары қызмет көрсетеді.

«Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша несиелер 6%-дан берілетінін айтты. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында бұл жұмыс басталып кетті. Сондай-ақ, аймақтық бағдарламалар бар. Барлық осы бағдарламалар бойынша бүгінгі таңда кәсіпкерлер инвестициялық, айналым мақсаттарына орта есеппен 5 жылдан 10 жылға дейін қарыз ала алады», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Сондай-ақ, ол кепілзаты жоқ кәсіпкерлер — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры желісі бойынша 85%-ға дейін кепілдендіру құралдарын пайдалана алатынын атап өтті.

«Қалада өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Qoldaý кәсіпкерлік орталығы бар.

Алматы – бұл экономиканың локомотиві, бүкіл ел бизнесінің ¼ бөлігі осында шоғырланған», – деп қорытындылады Нариман Әбілшайықов.

Орталық қызмет көрсетуге және халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына бағытталған. Мұнда «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқу сыныбы да бар. Орталықта тұрғылықты жеріне қарамастан кез келген адам қызмет ала алады.


Пікір жазу
  • Бағдат Қожахметов: Коронавирус бойынша сандар көңіл қуантпайды
    Қараменде батырға ас берілді

    Ұқсас тақырыптар