Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайды

Уақыты: 2020-12-02 Көрлімі: 467 Сипаттама

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық...

737a1184e31d7eadc9f21848e637f26f_xl.jpg

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Бұл құжат жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделеді. Аталған нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау ұсынылады», - деді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин заң жобасын таныстыру барысында.

Сонымен қатар, бұл түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.

Сонымен қатар, заң жобасында жол салушыларды жолға байланысты құрылыстарды алдын ала келісуге және оларға сараптама жүргізуге міндеттейтін нормалар ескерілді.



Пікір жазу
  • Мәулен Әшімбаев: Қазақтың жаңа замандағы ұлы көшін бастап берді
    Ерлан Сайыров: Елімізде бақылау институты жақсы дамып келеді

    Ұқсас тақырыптар