Жебеуліктерді Отандастар қоры Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Уақыты: 2020-12-21 Көрлімі: 864 Сипаттама

"Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы мен Жебеудің...

0001.jpg

"Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы мен Жебеудің алқа мүшесі, бұрынғы хатшысы Рақым Айыпұлына «Отандастар қоры» КЕАҚ Тәуелсіздік күнне орай құттықтау хат жолдады.

"Сізді Ұлы дала елінің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл барлық қазақстандықтар мен әлемнің әр түкпіріндегі мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарымыз үшін ең қастерлі мереке.

Әрқайсымыз қолымыздан келгенше тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдей түсуге белсене атсалысып, өзіндік үлесімізді қоса білейік!

Баршамыз үшін «Әр қазақ - менің жалғызым» деген ұстаным ұлағатты ұранға айналуы тиіс.

Әлемдегі отандастар мен еліміздегі қандастарды қолдау бағытындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Ұлы Даланың ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!",- делінген хатта. 

0001 (2).jpg

Пікір жазу
  • Дүниежүзі қазақ қауымдастығы жебеуліктерге алғыс хат жолдады
    Коронавирустан қалай қорғану керек?

    Ұқсас тақырыптар