Пандемиямен күрескен дәрігерлерді ынталандыруға қанша қаржы жұмсалды

Уақыты: 2021-01-08 Көрлімі: 436 Сипаттама

Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет COVID-19-ке жұмылдырылған барлық меди...

9D662A06-1820-4796-BC1A-3283876094A0_cx0_cy17_cw0_w408_r1_s.jpg

Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет COVID-19-ке жұмылдырылған барлық медицина қызметкерлерін материалдық ынталандыру және еңбек жағдайлары қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтыру тәуекелінің 3 тобы бойынша медицина қызметкерлерінің негізгі жалақысынан бөлек, ай сайынғы төлемдер жасады, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Атап айтқанда, «тәуекелі өте жоғары» топқа кіретін реанимация бөлімшелерін қоса алған инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін дәрігерлердің, орташа және кіші медицина қызметкерлерінің негізгі жалақысына қосымша 850 мың төленді. «Жоғары тәуекел» - бұл провизорлық стационарлар мен жедел көмек дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Олар негізгі жалақыларына 425 мың теңге алды. «Орташа тәуекелге» карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел жәрдем санитарлық дәрігері, жүргіушілер және тағы басқалары кірді . Бұл топқа кіргендер негізгі жалақыларына 212,5 мың теңге үстемеақы алып отырды.

Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемеақы төлеу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүктелген. Аталған қордың мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың қараша айының қорытындысында COVID-19-бен вирустық пневманиямен күреске жұмылдырылған шамамен 42 мың медицина қызметкері жалақыларына үстемеақы алдын Төлем сомасы 9,7 млрд теңгеден асып жығылады. Жалпы, өткен жылдың наурызы мен қазаны аралығында, нақты айтқанда наурызда 19 340, сәуірде 42 926, мамырда 40 416, маусымда 53 160, шілдеде 78 963, тамызда 66 249, қыркүйекте 36 503, қазанда 37 893 медицина қызметкеріне үстемеақы берілді. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 88,9 млрд теңге жұмсалды. Ал дәрігерлер желтоқсан айына үстемақы әлі алған жоқ. Оның есебін жергілікті атқарушы органдар шығарып жатыр. Олардан үсемеақыға қатысты есеп-қисап келгеннен кейін қор төлем жасайды.

Жоғарыда әр айға көрсетілген деректерден үстемеақы алған дәрігерлер санының бірде артып, енді бірде кеміп отырғандығын байқауға болады. Мұның себебін түсіндірген қордың уәжіне қарағанда, дәрігерлерге үстемеақы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты төленіп отырған. Мәселен, жаз айларында коронавирус инфекциясы өршіген кезде үстемеақы алған дәрігердің қатары да көп болғандығын байқау қиын емес.

«Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты коронавирус инфекциясының таралуы жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердің саны ай сайын өзгеріп отырады. Соған орай жедел штабтар жанына құрылған өңірлік комиссиялар түзетін үстемеақы алушылардың тзімі өзгереді. Өңірлік штабтарды әкімдердің орынбасарлары басқарады. Сонымен қатар комиссия құрамына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері, денсаулық сақтау басқармасының үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді», - деп атап өтеді қордан.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының атап өтуінше, медицина қызметкерлерінде үстемеақы төлеуге байланысты сұрақтар туындайтын болса, онда олар өңірлік комиссияларға жүгінуілері қажет.

Есте болса, өткен жылдың 27 мамырында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІІ отырысында Мемлекет басшысы 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын экономикадағы орташа еңбекақының 2,5 есесіне дейін біртіндеп жеткізу қажеттігін атап өткен болатын. Осыған орай 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасында Денсаулық сақтау министрлігінен дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 2021 жылы 156,8 млрд теңге, 2022 жылы 255,1 млрд теңге, 2023 жылы 393,1 млрд теңге көзделген. Сонымен қатар МӘМС қаражаты есебінен дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 2021 жылы 65,6 млрд теңге, 2022 жылы 106,6 млрд теңге, 2023 жылы 164,4 млрд теңге бағытталады.

247 мың медицина қызметкерінің жалақысына арналған шығыстардың жалпы сомасы 2021 жылы 222,3 млрд теңгені, 2022 жылы 361,7 млрд теңгені, 2023 жылы 557,5 млрд теңгені құрайтын болады. Осылайша, дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы экономикадағы орташа жалақының 2,5 есесін құрайтын болады. Бұл ретте барлық ынталандырушы төлемдерді қоса алғанда дәрігердің орташа жалақысы 2021 жылы 320 мың, 2022 жылы 416 мың, 2023 жылы 561 мың теңгені, орта медицина қызметкерінің жалақысы 2021 жылы 166 мың, 2022 жылы 183 мың, 2023 жылы 201 мың теңгені құрайтын болады.

Мәселен, 1 ставкада дәрігердің орташа базалық жалақысы ынталандырушы төлемдерді есепке алғанда 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы стационарда 188,5 мыңнан 244 мыңға, амбулаторлық-емханалық көмекте 180 мыңнан 240 мың теңгеге жеткізіледі. 1 ставкадағы орта медицина қызметкерінің орташа жалақысы 2021 жылы стационарда 133 мыңнан 155 мыңға, амбулаторлық-емханалық көмекте 129 мыңнан 154 мыңға артады.

Сурет: "Азаттық"

Пікір жазу
  • Зейнетақы жинағыңызды мерзімінен бұрын қалай пайдалануға болад?
    ҚР ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

    Ұқсас тақырыптар