Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның қандай жанама әсері байқалды?

Уақыты: 2021-01-25 Көрлімі: 969 Сипаттама

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы QazCovid-IN қазақстандық вакцинасын салд...

photo_77339.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы QazCovid-IN қазақстандық вакцинасын салдырған еріктілерде қандай жанама әсер болғанын айтты, - деп  Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап хабарлаймыз. 

"Клиникалық сынақтың бірінші және екінші кезеңінен кейін барлық жанама әсер зерттеу хаттамасында көрсетілгендей болды. Еріктілер гиперемия, шаншу және қышу секілді жанама әсерлер туралы айтты", - делінген хабарламада. 

Коронавирусқа қарсы QazCovid-IN вакцинасын сынақтан өткізудің бірінші және екінші кезеңіне 244 және 200 ерікті қатысқан. Үшінші клиникалық зерттеуге 3000 ерікті қатысқан. 

  • Сонымен қатар, барлық еріктіге 200 000 теңге көлемінде сыйақы берілген. Қазақстандық вакцинаны салдырған ерікті қайтыс болған жағдайда 500 мың теңге көлемінде сақтандыру төлемі қарастырылған. 


Пікір жазу
  • Зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай алуға болады?
    Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау: Басты сұрақтардың жауабы

    Ұқсас тақырыптар