Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін салынады

Уақыты: 2021-01-28 Көрлімі: 497 Сипаттама

Коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың алғашқы кезеңі мемлекет есебінен жүргізіледі. Б...


210127183932772a3746076i.jpg

Коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың алғашқы кезеңі мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

«Қарағанды фармкомбинаты бойынша вакциналарды жеткізу кестесін бекіттік. Ақпанда нарыққа 90 мың доза жеткізіледі. Ал наурызда тағы 150 мың доза өндіріледі. Ал содан кейінгі айларда 600 мың дозадан шығарылады. Сәуір мен мамыр айларынан бастап халықтың басым көпшілігіне вакцинациялау қолжетімді болады», - деді Марат Шоранов тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Сонымен қатар бірінші вице-министр қазақстандық вакцина да қатар өндірілетінін айтып өтті.

«Бұл өз кезегінде халықты вакциналаумен көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы жыл соңына дейін 6 млн адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Алайда мұндай көлемдегі вакцина нарықта болуы керек. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вакцинация тегін болады. Елде вакциналауды мемлекет есебінен жүргізу қарастырылып жатыр. Үкімет резервінен тиісті қаражат бөлінеді. Тиісінше вакциналау тегін болады», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 1 ақпаннан бастап егілетіндігі хабарланды.

Сонымен қатар 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды. Ал Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"


Пікір жазу
  • Коронавирусқа қарсы вакцинация: Қайда, қалай, қашан
    Латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланды