Ерлан Қиясов: «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады

Уақыты: 2021-02-04 Көрлімі: 870 Сипаттама

«Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады. Бұл туралы бүгін Орта...

индивидуальная-вакцина-от-рака-420x280.jpg

«Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады. Бұл туралы бүгін  Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты. 

«Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық журналдардың бірі Lancet «Спутник V» вакцинасының SARS-CoV-2 коронавирусты жұқтыруға қарсы тиімділігі 91,6 пайызды құрайтындығын жариялады. Бұған қоса, «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитеттің кемінде 2 жыл сақталатындығы дәлелденген. Сонымен қатар вакцина коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» сынды жаңа штаммдарына қарсы тиімді екендігі де маңызды. Мұнан бөлек, вакцинаны әзірлеушілер «Спутник V» вакцинасы COVID-19-дың орта және ауыр өтуінен де қорғайтындығын атап өтеді», - деді вице-министр. 



Пікір жазу
  • Қазақстан туу көрсеткіші бойынша 105-орында тұр
    Қазақстанда үздік ғалымдарға 5,8 млн теңге сыйақы беріледі

    Ұқсас тақырыптар