«Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның келесі тақырыбы - Қытайдағы қазақтар мәселесі мен бүгінгі қоғамдағы орын алып жатқан өзекті оқиғаларға арналады. Осы мәселелер бойынша «Абайдың» кезекті спикері «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы.
2017 жылдан бастап Қытайдағы қандастар жеркілікті үкімет жағынан түрлі қысымдарға ұшырады. Қазақстанда ықтиярхатпен жүрген, әлі де ҚР азаматтығын алып үлгермеген көптеген қандастар Қытайға барып қайтып келе алмай қалды. Көптеген отбасылар екіге бөлініп қалды. Ол жақтағы қандастар "Саяи тәрбиелеу орталығы" деген орталыққа қамалды. Осы кезде көптеген Қазақстандағы олардың туыстарын Қазақстан үкіметінен көмек сұрады. Қазақстандағы ҚХР елшілігі мен консулдығына шағымдарын жеткізді. ҚР билігінің, түлі қоғамдық ұйымдардың араласуында көптеген қандастардың мәселесі шешілді. Деседе, әлі Қытайда "жазқсыз қандасымыз сотталып кетті, Қытай үкіметі еш себебін айтпай ұстап отыр" деген сияқты шағымдармен жүрген азаматтар кезігеді.
Сондай-ақ, қазіргі кездегі пандемияның салдарынан Қытайдағы қандастардың елге келіп қайтуы тоқтады. Қытайдан Қазақстанға жолаушылардың келуіне тиім салғандақтан, кейбір қандастар үшінші ел арқылы елге келудің жолдарын қарастыруып, елге келу үшін біраз қиындық көруде. Ол қандастардың да мәселелерін "Жебеу" Республикалық қоғамдық ұйымы қатарлы ұйымдар көтеріп, Дүниежүзілік қазақ қауымдастығы, "Отандастар қорының" араласуында мәселелерін шешуде.
Осы тақырыптармен өткен Парламент сайлауы, Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы сияқты түрлі тақырыптарда сұрақ қоям деген оқырмен болса, мына сілтеме және "Абайдың" әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы сұрақтарын қоя алады.
Омарәлі Әбілдекұлының ашық сұхбаты мен оқырмандар қойған сауалдың жауабы «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланады.