«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады

Уақыты: 2021-03-03 Көрлімі: 821 Сипаттама

Қаладағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қат...

Снимок.JPG

Қаладағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкінің» instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі.

Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі-5%;
Бастапқы жарна-10%
Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады.
Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді.
Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
• Медицина қызметкерлері;
• Білім беру қызметкерлері;
• Мәдениет қызметкерлері;
• Спорт қызметкерлері;
• Жоғары оқу орны қызметкерлері;
• Әлеуметтік сала қызметкерлері;
• БАҚ қызметкерлері;
• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады.
Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады.
Негізгі талаптар:
• Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;
• Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
• 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.


Пікір жазу
  • Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 1,3 есеге ұлғайту керек – Асқар Мамин
    Қ. Тоқаеав: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті

    Ұқсас тақырыптар