ҰҚК Шекара қызметі Отандастар қорының хатына жауап берді

Уақыты: 2021-03-15 Көрлімі: 1253 Сипаттама

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі "Отандастар қорының" Қытайдан басқа елдер ар...

9-1.jpg

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі "Отандастар қорының" Қытайдан басқа елдер арқылы келіп жатқан қандастардың шекарадағы ұшыраған қиындықтарына байланысты жазған хатына жауап берді. 

"Қойылған мәселенің мәні бойынша карантиндік шектеулер кезеңінде 2020 жылғы 11 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес (бұдан әрі-Тәртіп) (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекіткен), Қазақстан Республикасының қолданыстағы «С 10», «В 8»  санатындағы визасы болған кезде немесе қазақ ұлтына жататыны туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттары (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлік және т.б. нотариалды куәландырылған аудармасы бар) этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне (жұбайы, зайыбы, ата - анасы мен балалары) 30 тәулікте 1 реттен асырмай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат етілген",- деп, хатқа Шекаралық бақылау департаментінің  бастығы Г. Агадиловтың қолы қойылған. 


Пікір жазу
  • Асхат Аймағамбетов дарынды балаларды қолдау қадамдары туралы айтты
    Алексей Цой: Коронавируспен сырқаттану деңгейі 1,2 есе төмендеді

    Ұқсас тақырыптар