Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді

Уақыты: 2021-03-30 Көрлімі: 922 Сипаттама

Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді. Бұл туралы онлайн брифинг ба...

1598264586_news_b.jpeg

Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Спикердің айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция – өте жұқпалы.

«Соңғы аптада балалар арасында індетті жұқтыру күрт өсті. Мысалы, 14 жасқа дейінгі науқас балалардың саны 7%-дан 11%-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру өскенін байқап отырмыз. 1 наурызда 10 жағдай тіркелсе, қазір 55 жағдайға дейін жетіп отыр. Өзге жастағы адамдар арасында вирус жұқтыру бұрынғыдай қалыпта»,- дейді Әсел Қалықова.

Сондай-ақ, ол отбасы мүшелері арасында вирус жұқтыру оқиғасы да артқанын жеткізді.

«Вирусты отбасы мүшелерінен жұқтыру оқиғасы 34 пайызға артқан. Ал сауда орындарында вирус жұқтыру жағдайы керісінше 22 пайызға дейін азайған. Оған демалыс күндері сауда-саттық орындары мен базарлар жұмысының тоқтатылуы ықпал етті. Дегенмен аула ішіндегі дүкендерде вирус жұқтыру әлі де жоғары деңгейде», - дейді ол.

Алматы қаласы «қызыл» аймақта. Эпидемия басталғалы қалада 33 012 науқас вирус жұқтырған.


Пікір жазу
  • COVID-19 пандемиясы аяқталуы үшін қанша адам вакцина салдыруы керек?
    Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

    Ұқсас тақырыптар