А. Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жасады

Уақыты: 2021-04-20 Көрлімі: 280 Сипаттама

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус өршуіні...

f6bf823979ff513bda462fa53236f399.jpg

 Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегі қашан орын алуы туралы болжамын айтты. 

«Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялаумен қамтуды ескере отырып, коронавирустың таралуының дамуына болжамды өзектендіреді. Кестеге сәйкес вакцинация жалғасқан жағдайдағы оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеліп, сәуірдің соңында шырқау шегіне жететіндігі болжанады. Ал реалистік сценарий жағдайында және вакцинация кестеге сай жүргізілгенде коронавирус жұқтыру тәулігіне 4 мың жағдайға жетіп, шырқау шегі мамыр айының ортасында орын алуы мүмкін",- деді министр. 

Оның айтуынша, бірінші кезеңде вакцинация тиімділігі иммунитет қалыптасуына уақыт қажет болуына байланысты шектеулі болады. Одан кейін вакцинация әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпалын тигізеді.


Пікір жазу
  • Ауыл тұрғындарына несие беретін қандай бағдарламалар бар?
    Жәркен БӨДЕШ: Қабекең – менің аға екем, шақырып алшы қасыңа

    Ұқсас тақырыптар