Тәуелсіздіктен кейін елге оралған зейнет жасындағы қандастарға зейнетақы беру тәртібі әлі бірізілене қойған жоқ. Осыған байланысты қандастар арасында арасында сұрақ туындайды. Сондықтан осы мәселені заң түрінде шешу жолдарын, қандастардың құқығы жөнінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы қаласының Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментіне сұрау жолдаған.
Департамент басшысы Нарматов Айдынжан Жаңабердіұлы қауымдастықтың ұсыныстарын қабылдап, 15 шілдеде онлайн форматта жиналыс өткізді.
Жиналысқа департаментінің жауапты қызметкерлері, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы, Алматы қаласы бойынша “Отандастар” қоры филиалының , Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілдері, “Жебеу” Республикалық қағамдық бірлестігінің төрағасы Ө.Әділбекұлы және бірнеше шеттен келген қандас қатысқан.
Зейнетақы тағайындау мәселесіне қатысты толық ақпаратты Департаменттің Зейнетақы және қамсыздандыру бөлімінің басшысы Қ.Бимурзаева берді. Жиналысқа қатысқан азаматтар өз сұрақтарына толық жауап алуына мүмкіншілігі болды.