Келесі жылы баспана бағасы қымбаттай ма?

Уақыты: 2021-09-25 Көрлімі: 326 Сипаттама

2022 жылдың көктемінде тұрғын үй 20%-30% қымбаттайды. Қазақстан Құрылысшылар одағының басш...

210924143753770a3840652i.jpg

 2022 жылдың көктемінде тұрғын үй 20%-30% қымбаттайды. Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев БАҚ өкілдеріне осындай болжам айтты, деп ы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Құрылыстың құнын арзандау туралы айтсақ, 2014-2015 жылдары үшінші-төртінші класты тұрғын үйдің шаршы метрі 1,5-2 мың долларға сатылса, қазір олар 750 долларға өтіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда құрлыскомпаниялары салған үйінің өзіндік құнын ғана ақтап жатыр. Баспана тапшылығының қалыптасуына құрылыс компаниялары кінәлі емес. Бүгінде құрылыстың өзі 35%-40% қымбаттады. Материалдар 60% -дан 90%-ға дейін шарықтап кетті», - деді Талғат Ерғалиев БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша, құрылыс құны 15% - ға ғана көтерілген.

«Қисынға салып қарасаңыз, құрылыстың өзі 35%-40% қымбаттаса, шаршы метрдің құны бар болғаны 15%-ға қымбаттағанның өзінде бағаның өсіп кеткенін көреміз. Коммерциялық тұрғын үй салушылар бағаны бір түнде көтеріп жатқан жоқ. Олар бағаны біртіндеп, баяу көтереді. 2022 жылдың көктемінде баспана бағасы 20%-30% өседі деп топшылап отырмыз. Біз мұны нақты биылғы жталдауға ғана сүйеніп айтып тұрған жоқпыз. Бұл құрылыстың барлық кезеңін талдау арқылы алынған болжам», - деді Талғат Ерғалиев.


Автор Есімжан Нақтыбай


Пікір жазу
  • Нұрсұлтан Назарбаев: «Бастау бизнес» жобасын бүкіл елде жалғастыру қажет
    Азаматтар COVID-19-ға қарсы вакцинаны қаншалықты қауіпсіз санайды?

    Ұқсас тақырыптар