Бүгін М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында 96-маусымның ашылу салтанатына орай баспасөз мәслихаты өтті, деп театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайсыз.
Баспасөз мәслихатына М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б. Тұрыс, режиссер А. Оспанбаева қатысты.
Театр директоры Е. Жуасбек көрермендерді қарашаңырақ өнер ордасының 96-маусымының ашылуымен құттықтап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен бірге көрермендер назарына театрдың қырық жылдық тарихынан сыр шертетін «Сахна сәттері» көрмесі ұсынылды.
Мерейлі маусымның ашылу салтанаты М. Әуезовтің «Абай» спектаклімен жалғасты.