Бақыт Сұлтанов сауданы дамытудағы түйткілдерді атады

Уақыты: 2021-11-24 Көрлімі: 380 Сипаттама

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауданы дамытудағы түйткілді проблем...

211124162223423e.jpg

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауданы дамытудағы түйткілді проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Әлемдік жалпы ішкі өнімдегі сауданың үлесі 23 паызды құрайды. Сонымен бірге, әлемдік сауда үшін басты тәуекелдердің бірі - сауда протекционизмінің күшеюі. Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалауы бойынша жаһандық тауар айналымы 9 пайызға қысқарады. Ал, экономикалық аймақтардың күшеюі, әсіресе, Еуропалық Одақ және Азия-Тынық мұхиты елдерінде тауар айналымының 60 пайызы өңіраралық саудаға бейімделуде», - деді ол Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Министр осы тенденцияларды ескере отырып, сауданы дамытудағы бірқатар түйінді проблемаға тоқталып өтті.

«Олардың ішінде заманауи сауда форматтарының жетіспеушілігі және сауда-логистикалық нысандарының өзара қатынастарының болмауы бар. Сонымен қатар ішкі нарықта сапасы төмен тауарлардың, әсіресе шетелдік тауарлардың басым болуы азаматтарды толғандырады және отандық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық реттеу инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді. Қазақстандық тауардың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі экспорттың құрамында шикізаттың басымдылығымен сипатталады. Бұдан басқа, экспортты ілгерілету инфрақұрылымындағы кедергілер өндірушілердің сыртқы нарықтарға қолжетімділігін қиындатады», - деді Бақыт Сұлтанов.


Автор Марлан Жиембай


Пікір жазу
  • 2022 жылы 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі
    Қаржы министрлігі мобильді аударыма бойынша алаңдамауға шақырды

    Ұқсас тақырыптар