Президент зейнетақыны пайдалану шекті межесін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды

Уақыты: 2021-12-09 Көрлімі: 347 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға...

211209175233a3872538d.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты.

Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды», - деп жазды Б.Уәли.



Пікір жазу
  • Қаржы министрлігі мобильді аударыма бойынша алаңдамауға шақырды
    Қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісін пайымдаған монографияның тұсаукесері өтті

    Ұқсас тақырыптар